Қостанай облысында ер адам мал іздеймін деп жоғалып кетті

© Photo : СС0 / Thorsten Frenzel Жайлау
Жайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2025
Жазылу
46 жастағы тұрғын мотоциклмен мал іздеуге кеткен
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Қостанай облысы Жангелдин ауданында ер адам мал іздеймін деп жоғалып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ер адам 21 қарашада шығып кетіп, қайтып оралмаған. 46 жастағы тұрғын мотоциклмен мал іздеуге кеткен.

"Телефоны болмағандықтан іздестіру жұмыстарын айтарлықтай қиындады. Іздеу жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары мен күштері жұмылдырылды. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және ауыл тұрғындары да қатысты", - дейді ведомстводағылар.

Іздеу-құтқару тобының жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында азамат аман-есен табылды.
Тұрғын Жангелдин ауданы Шили ауылынан 35 шақырым қашықтықта, Ақжар елді мекенінің маңындағы ашық далада тапты.
Азаматтын денсаулығына қауіп жоқ, медициналық көмекті қажет етпеді.
Грибы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2025
Алматы облысында саңырауқұлақ жинауға шыққан отбасы жоғалып кетті
Жаңалықтар
0