Өскемендегі жарылыс: зардап шеккендердің бірі санавиациямен Астанаға жеткізіледі

© Sputnik"Казцинк" кәсіпорнындағы жарылыс
Казцинк кәсіпорнындағы жарылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2026
Жазылу
Жарақат алған бес адам Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына жеткізілген
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. "Казцинк" зауытындағы жарылыс пен өрттен зардап шеккендердің бірі 7 мамырда Астанаға санитарлық авиациямен жеткізіледі, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Астана жедел медициналық көмек бойынша ғылыми үйлестіру орталығының екі жетекші маманы Өскеменге барды.
Жедел медицина департаментінің басшысы және бас республикалық реаниматолог Бақыт Жарқымбеков пен бас республикалық компустиолог Жомарт Жалғаспаев зардап шеккендерді тексеру үшін әуежайдан тікелей ауруханаға барды.
Дәрігерлер тексеру нәтижелері бойынша диагноздарды растау және одан әрі емдеу туралы келісу үшін жедел консилиум өткізілді деп атап хабарлады.
"Кең көлемді күйік алған науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан, күйік алу салдарындағы шоктан шығару үшін кем дегенде 72 сағатқа қарқынды терапия жоспарланған", - делінген хабарламада.
Жағдайы тұрақтанғаннан кейін оны Астанадағы Жедел медициналық көмек бойынша ғылыми үйлестіру орталығына тасымалдау мүмкіндігі қарастырылады, деп хабарлады басқармада.
"Омыртқа жарақатын алған екінші зардап шегуші мамандандырылған хирургиялық емдеу үшін Жедел медициналық көмек бойынша ғылыми үйлестіру орталығының нейрохирургиялық бөліміне санитарлық авиациямен тасымалдауға дайындалып жатыр", - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, тасымалдау 7 мамырға жоспарланған, ал күйік алған науқасты тасымалдау мәселесін шамамен 9 мамырда ұлттық мамандардың бақылауында қайта қарау жоспарланып отыр.
Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына бес науқас жеткізілді, олардың екеуі ауруханаға жатқызылды: біреуі жарақат бөліміне, екіншісі жансақтау бөліміне.
Қалғандарына қажетті медициналық көмек көрсетілді және оларға ауруханаға жатқызу қажет болмады, сондықтан олар амбулаториялық бақылауға жіберілді.
Авария и пожар на Казцинке: погибли два сотрудника - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2026
Өскемендегі жарылыс: Экология министрлігі ауаға тараған зиянды заттарды тексереді
Жаңалықтар
0