https://sputnik.kz/20260506/oskemendegi-zharylys-ekologiya-ministrligi-auaga-taragan-ziyandy-zattardy-tekseredi-63212343.html
Өскемендегі жарылыс: Экология министрлігі ауаға тараған зиянды заттарды тексереді
Өскемендегі жарылыс: Экология министрлігі ауаға тараған зиянды заттарды тексереді
Sputnik Қазақстан
Кәсіпорындағы төтенше жағдай екі адамның өмірін қиды 06.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-06T15:10+0500
2026-05-06T15:10+0500
2026-05-06T15:10+0500
өскемен
жарылыс
https://sputnik.kz/img/07ea/05/05/63188803_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_902b4d777cd06baf0f353e4b1afc8cb9.jpg
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстанның экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Өскемендегі "Казцинк" кәсіпорнындағы апаттан кейін ауаның ықтимал ластануы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.Оның мәліметінше, өңірлік экология департаментінің мамандары бұл жерге жедел барып, зиянды заттардың мөлшерін өлшеген.Ол кәсіпорындарда жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі кәсіпкерлік кодексте айқындалғанын атап өтті.Сонымен қатар ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, жарылыс фактісі бойынша Өскеменде қылмыстық іс қозғалған.Оның айтуынша, тергеу министрліктің бақылауында.
https://sputnik.kz/20260505/zhansaqtau-boliminde-zhatyr-zharylystan-zardap-shekkenderdin-zhagdayy-qalay-63190884.html
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/05/63188803_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_7d7008d451175943f1e1f8f2c4ed4fb3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, жарылыс
Өскемендегі жарылыс: Экология министрлігі ауаға тараған зиянды заттарды тексереді
Кәсіпорындағы төтенше жағдай екі адамның өмірін қиды
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстанның экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Өскемендегі "Казцинк" кәсіпорнындағы апаттан кейін ауаның ықтимал ластануы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Оның мәліметінше, өңірлік экология департаментінің мамандары бұл жерге жедел барып, зиянды заттардың мөлшерін өлшеген.
"Алынған сынамалар өңделіп жатыр. Деректерді жуық арада аламыз деп ойлаймын. Егер іріктелген талдаулар фактісі бойынша зиянды заттар мөлшері қалыптан асып кетсе, онда штаттан тыс төтенше жағдай нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал есептеледі", - деді Әлиев.
Ол кәсіпорындарда жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі кәсіпкерлік кодексте айқындалғанын атап өтті.
"Бұл құқықтық қорғау органдарының өтінішімен және тапсырмасы бойынша Бас прокуратурамен келісілген түрде жүргізіледі. Егер қазір депутаттар тобынан қоршаған ортаның ластануының нақты фактілері көрсетілетін өтініш келіп түссе, онда өңірдің аумақтық бөлімшелері тексеруге барады. Бүгінгі таңда "Қазгидромет" мониторингінің нәтижелері бойынша жағдай тұрақты", - дейді Әлиев.
Сонымен қатар ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, жарылыс фактісі бойынша Өскеменде қылмыстық іс қозғалған.
"Бұл – екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу. Екі адам көз жұмды, тағы екеуі ауруханада жатыр. Жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу жұмыстары белсенді жүргізілуде және оның нәтижелері бойынша қосымша ақпарат береміз", — деді Әділов.
Оның айтуынша, тергеу министрліктің бақылауында.