https://sputnik.kz/20260506/biyl-140-mynnan-astam-adam-zhumyspen-qamtyldy-63207046.html
Биыл 140 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Биыл 140 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Sputnik Қазақстан
2026 жылға арналған жоспар аясында 544 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделген 06.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-06T08:24+0500
2026-05-06T08:24+0500
2026-05-06T08:24+0500
жұмыс берушілер
жаңа жұмыс орындары
жұмыс
жұмыссыздық
https://sputnik.kz/img/07e8/09/19/47332318_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_32628f95ed1948b2eaea4ca44134fb8c.jpg
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалдамалы жұмыскерлер саны 7,2 млн адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,1 млн адамға жеткен. Бұл туралы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.Бұл ретте жұмыспен қамту органдарында жұмыс іздеп жүрген 333 мыңнан астам азамат тіркелген.Атаулы жұмыс жүргізу үшін C, D, E санаттарына жататын азаматтар пулы қалыптастырылған. Қазіргі уақытта олардың 45 мыңнан астамы әлі де жұмыспен қамту шараларымен қамтылмаған. Мұндай азаматтардың ең көп саны Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында тіркеліп отыр.Сонымен қатар кеңес барысында Ғылым және жоғары білім министрлігі алғаш рет еліміздің барлық өңіріндегі еңбек нарығына кешенді талдау жүргізілгенін хабарлады. Зерттеу аясында 73 мың кәсіпорын қамтылып, жұмыс күшінің ұсынысы мен экономика сұранысы арасындағы сәйкессіздіктер жүйелі түрде анықталды.Талдау нәтижелері еңбек нарығындағы сұраныстың технологиялар мен жасанды интеллект саласына қарай ойысып келе жатқанын көрсетті. Бұл ретте техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға, ең алдымен колледж түлектеріне деген қажеттілік жоғары деңгейде сақталып отыр.
https://sputnik.kz/20260424/zhumys-isteuge-keletin-sheteldikter-ushin-biryngay-salyq-engizu-zhosparlanyp-otyr-62922034.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/19/47332318_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_753f95089d4174b5ae6e37555eeb9f59.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс берушілер, жаңа жұмыс орындары, жұмыс, жұмыссыздық
жұмыс берушілер, жаңа жұмыс орындары, жұмыс, жұмыссыздық
Биыл 140 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
2026 жылға арналған жоспар аясында 544 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделген
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалдамалы жұмыскерлер саны 7,2 млн адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,1 млн адамға жеткен. Бұл туралы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Бұл ретте жұмыспен қамту органдарында жұмыс іздеп жүрген 333 мыңнан астам азамат тіркелген.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, өңірлерде жыл сайын жұмыспен қамту карталары бекітіледі. 2026 жылға арналған жоспар аясында 544 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделген. Бүгінде олардың 140,8 мыңы жұмыспен қамтылды", - деп жазылған үкімет хабарламасында.
Атаулы жұмыс жүргізу үшін C, D, E санаттарына жататын азаматтар пулы қалыптастырылған. Қазіргі уақытта олардың 45 мыңнан астамы әлі де жұмыспен қамту шараларымен қамтылмаған. Мұндай азаматтардың ең көп саны Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында тіркеліп отыр.
Сонымен қатар кеңес барысында Ғылым және жоғары білім министрлігі алғаш рет еліміздің барлық өңіріндегі еңбек нарығына кешенді талдау жүргізілгенін хабарлады. Зерттеу аясында 73 мың кәсіпорын қамтылып, жұмыс күшінің ұсынысы мен экономика сұранысы арасындағы сәйкессіздіктер жүйелі түрде анықталды.
Талдау нәтижелері еңбек нарығындағы сұраныстың технологиялар мен жасанды интеллект саласына қарай ойысып келе жатқанын көрсетті. Бұл ретте техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға, ең алдымен колледж түлектеріне деген қажеттілік жоғары деңгейде сақталып отыр.