https://sputnik.kz/20260424/zhumys-isteuge-keletin-sheteldikter-ushin-biryngay-salyq-engizu-zhosparlanyp-otyr-62922034.html
Жұмыс істеуге келетін шетелдіктер үшін бірыңғай салық енгізу жоспарланып отыр
Жұмыс істеуге келетін шетелдіктер үшін бірыңғай салық енгізу жоспарланып отыр
Sputnik Қазақстан
Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарына қатысты емес 24.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-24T13:49+0500
2026-04-24T13:49+0500
2026-04-24T13:49+0500
шетелдік
шетелдік инвесторлар
жұмыс
салық
салық төлеуші
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_27ada75fa95f2cd016eebe4f3b3acdb9.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылы жұмыс істеуге келетін шетелдіктер үшін бірыңғай салық енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев.Бұл салық режимі жеңілдетілген тәртіпке кірмейтін шетел азаматтарына қолданылады. Яғни Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің азаматтарына, инвесторларға және елде сұранысқа ие мамандық иелеріне қатысты емес.Бүгінде жеңілдетілген тәртіпке кірмейтін шетелдіктер квота арқылы тартылады: жыл сайын Еңбек министрлігі заңды тұлғаларға (компанияларға) және жеке тұлғаларға арналған екі квотаны бекітеді.Министрдің айтуынша, осы екі квота біріктіріліп, бір жүйеге келтіріледі және шетелдік жұмысшылар үшін бірыңғай салық мөлшерлемесі белгіленеді.Енді осындай жағдай болмау үшін біз екі квотаны бір квотаға біріктіріп, бірыңғай салық мөлшерлемесін енгіземіз", — деді министр.Шетел азаматы бірыңғай салықтық алым төлегеннен кейін, жеке тұлғаларда да, заңды тұлғаларда да жұмыс істей алады.Бұл өзгерістерге қатысты құжат жобасы басқа мемлекеттік органдарға жіберілген, қазір ол қарастырылып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_296:0:1196:675_1920x0_80_0_0_0832e80880b1ebe6cb75dfaf62a68fd2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шетелдік, шетелдік инвесторлар, жұмыс, салық, салық төлеуші
шетелдік, шетелдік инвесторлар, жұмыс, салық, салық төлеуші
Жұмыс істеуге келетін шетелдіктер үшін бірыңғай салық енгізу жоспарланып отыр
Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарына қатысты емес
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылы жұмыс істеуге келетін шетелдіктер үшін бірыңғай салық енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев.
Бұл салық режимі жеңілдетілген тәртіпке кірмейтін шетел азаматтарына қолданылады. Яғни Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің азаматтарына, инвесторларға және елде сұранысқа ие мамандық иелеріне қатысты емес.
Бүгінде жеңілдетілген тәртіпке кірмейтін шетелдіктер квота арқылы тартылады: жыл сайын Еңбек министрлігі заңды тұлғаларға (компанияларға) және жеке тұлғаларға арналған екі квотаны бекітеді.
Министрдің айтуынша, осы екі квота біріктіріліп, бір жүйеге келтіріледі және шетелдік жұмысшылар үшін бірыңғай салық мөлшерлемесі белгіленеді.
"Кейде заңды тұлғалар (компаниялар) жеке тұлғаларға жұмыс істеу үшін келген мигранттарды тартады, себебі онда мөлшерлеме төмен. Бізде жеке тұлға шетелдік жұмыс күшін тартса, онда ставка 7 АЕК болады. Яғни мигрант төлеп, елімізге кіреді, бірақ іс жүзінде заңды тұлғада жұмыс істейді.
Енді осындай жағдай болмау үшін біз екі квотаны бір квотаға біріктіріп, бірыңғай салық мөлшерлемесін енгіземіз", — деді министр.
Шетел азаматы бірыңғай салықтық алым төлегеннен кейін, жеке тұлғаларда да, заңды тұлғаларда да жұмыс істей алады.
Бұл өзгерістерге қатысты құжат жобасы басқа мемлекеттік органдарға жіберілген, қазір ол қарастырылып жатыр.