https://sputnik.kz/20260505/toqaev-maqta-mata-klasterine-ontustik-onirden-mamandar-dayarlau-kerektigin-eskertti-63196430.html
Тоқаев мақта-мата кластеріне оңтүстік өңірден мамандар даярлау керектігін ескертті
Тоқаев мақта-мата кластеріне оңтүстік өңірден мамандар даярлау керектігін ескертті
Sputnik Қазақстан
Еліміздің оңтүстік өңірі агроөнеркәсіп кешенін және жеңіл өнеркәсіпті дамыту тұрғысынан маңызды 05.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-05T16:55+0500
2026-05-05T16:55+0500
2026-05-05T16:56+0500
президент
өндіріс
маман
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30474157_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_eb48f84e5bb9849818287d6c6752e619.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Чжан Цихай Қасым-Жомарт Тоқаевқа бүгінде бірнеше нысан, соның ішінде екі мақта өңдеу зауыты қолданысқа берілгенін айтты.Таяу жылдары синтетикалық мата материалдарын, тоқыма және киім өндіретін нысандарды іске қосу жоспарланып отыр.Мақта-мата кластерінің алғашқы кезеңінде 360 миллион долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылып, 4 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.Мемлекет басшысы кластер еліміздің оңтүстік өңірінде агроөнеркәсіп кешенін және жеңіл өнеркәсіпті дамыту тұрғысынан маңызды екенін айтты.Президенттің пікірінше, жергілікті тұрғындар арасынан білікті маман даярлау ісіне мән беру керек.
https://sputnik.kz/20260504/bul--qazaqstan-ushin-alandatarlyq-akhual-toqaev-ukimetke-tapsyrma-berdi-63156368.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30474157_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_9ff14eb8c5122aaa749b9b38704f4668.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, өндіріс, маман
президент, өндіріс, маман
Тоқаев мақта-мата кластеріне оңтүстік өңірден мамандар даярлау керектігін ескертті
16:55 05.05.2026 (жаңартылды: 16:56 05.05.2026) Еліміздің оңтүстік өңірі агроөнеркәсіп кешенін және жеңіл өнеркәсіпті дамыту тұрғысынан маңызды
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Чжан Цихай Қасым-Жомарт Тоқаевқа бүгінде бірнеше нысан, соның ішінде екі мақта өңдеу зауыты қолданысқа берілгенін айтты.
Таяу жылдары синтетикалық мата материалдарын, тоқыма және киім өндіретін нысандарды іске қосу жоспарланып отыр.
"Жобаны жүзеге асыру арқылы мақта егістігін 52 гектарға дейін ұлғайтуға болады. Егін шаруашылығына цифрлық технологиялар мен тамшылатып суару секілді инновация пайдаланылады", - деп жазылған хабарламада.
Мақта-мата кластерінің алғашқы кезеңінде 360 миллион долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылып, 4 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.
Мемлекет басшысы кластер еліміздің оңтүстік өңірінде агроөнеркәсіп кешенін және жеңіл өнеркәсіпті дамыту тұрғысынан маңызды екенін айтты.
Президенттің пікірінше, жергілікті тұрғындар арасынан білікті маман даярлау ісіне мән беру керек.