Құтқарушылар өрт кезінде 600-ден астам газ баллонын алып шыққан

© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіҚұтқарушылар өрт кезінде 600-ден астам газ баллонын алып шыққан
Құтқарушылар өрт кезінде 600-ден астам газ баллонын алып шыққан - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2026
Жазылу
Қызған кезде қысымдағы баллон жарылып кетуі мүмкін, сондықтан әрбір секунд аса маңызды
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Құтқарушылары өрттерден 600-ден астам газ баллонын алып шыққан, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрлік мәліметінше, газ баллондары салдарынан шыққан өрттер ТЖМ бөлімшелері үшін ең қауіпті өрттің бірі болып отыр.
Қызған кезде қысымдағы баллон жарылып кетуі мүмкін, сондықтан әрбір секунд аса маңызды, дейді құтқарушылар.
"2026 жылдың 4 айында өрт ошақтарынан 654 газ баллоны шығарылды, олардың 200-ден астамы 50 литрге дейінгі көлемде. Мұндай әрбір операция өрт сөндірушілерден барынша жинақылық пен жоғары дайындық деңгейін талап етеді", - деп жазылған хабарламада.
Осындай жағдайда жұмыс істеу құтқарушылардың өміріне тікелей қауіп төндіреді, себебі олар жоғары температура, түтін және кенеттен жарылу қаупі бар ортада әрекет етеді.
Сол себепті ТЖМ газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Гималаи с вершины горы Эверест в Непале  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2026
Таулы аймақтарда қар көшеді: құтқарушылар ескерту жасады
Жаңалықтар
0