Таулы аймақтарда қар көшеді: құтқарушылар ескерту жасады

© AFP 2024 / Lakpa SherpaГималаи с вершины горы Эверест в Непале
Гималаи с вершины горы Эверест в Непале  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2026
Жазылу
Жыл басынан бері таулы аймақтарда төрт рет қар көшкен
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.
Министрлік мамандары мониторинг және тексеру жүргізген. Олар таулы аймақтарда қар қалың жиналған дейді. Айтуларынша, ауа райының тұрақсыздығына байланысты кейбір учаскелерде қар көшкіні болу қаупі бар.
"Оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда және Шығыс Қазақстан облысының тауларында қар көшкіні қаупі сақталып отыр. Қалың қар басқан тік таулы беткейлерге шықпаған абзал, себебі бұл қар көшкінінің жүруіне себеп болуы мүмкін", - дейді министрлік.
Жыл басынан бері таулы аймақтарда қар төрт рет көшкен. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тауларында жалпы көлемі 4 206 м³-тен асатын 17 профилактикалық қар көшкінін түсіру жұмысы жүргізілді. Бүгінгі таңда республика бойынша 217 жерүсті тексерісі жүргізіліп, қар көшкіні түсуі мүмкін аумақтарға 110 ескерту белгісі орнатылды.
ТЖМ көшкін туралы ескерту жарияланған кезеңде таулы аймақтарға бармауды ескертті.
Жаңалықтар
0