Қазақстан Тәжікстанмен одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады

© Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстан президенті мен Тәжікстан президенті
Қазақстан президенті мен Тәжікстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2026
Жазылу
Құжатқа мемлекет басшылары 2024 жылдың тамыз айында қол қойды
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстан Тәжікстанмен одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорда.
Оған мемлекет басшылары 2024 жылдың тамыз айында қол қойды.
Елдер екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікке нұқсан келтіретін кез келген әрекеттерден бас тартуға міндеттенеді.
Құжат инвестицияларды қолдау және өзара қорғауды, азаматтар, бизнес және екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың басқа да қатысушылары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуды қамтиды.
Шартқа сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалану туралы ережелер де кіреді.
Здание сената парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2026
Қазақстан Перумен қылмыскерлерді ұстап беру шарттарын ратификациялады
Жаңалықтар
0