https://sputnik.kz/20260402/qazaqstan-peru-respublikasymen-qylmyskerlerdi-ustap-beru-sharttaryn-ratifiyakatsiyalady-62347128.html
Қазақстан Перумен қылмыскерлерді ұстап беру шарттарын ратификациялады
Қазақстан Перумен қылмыскерлерді ұстап беру шарттарын ратификациялады
Sputnik Қазақстан
Сотталған адам тағайындалған жазаны өз елінде өтей алады 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T10:50+0500
2026-04-02T10:50+0500
2026-04-02T15:11+0500
сенат
ратификациялау
сотталғандар
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62182233_0:29:1280:749_1920x0_80_0_0_32073a7af3201f9a56b5ea2ae011c64a.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Сенат Қазақстан мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру және қылмыскерлерді ұстап беру шарттарын ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұдан бөлек, сенаторлар екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек беру туралы шартты да қарады. Мұндай шараларға қамаудағы адамдарды уақытша беру, тінту, қылмыстан түскен табыстарды тәркілеу, банктегі шоттарды анықтау, сараптама жүргізу және тағы басқа әрекеттер кіреді. Ал елдің ұлттық заңнамасына қайшы мәселелер болса, құқықтық көмектен бас тартуға болады.Қазақстан мен Перу арасындағы сотталған адамдарды беру шартына сәйкес, сотталған адам тағайындалған жазаны өз елінде өтей алады.Ал қылмыскерлерді ұстап беруге қатысты шартта іздеуде жүрген адамды ұстап беру шаралары қарастырылған. Оған сәйкес, тараптардың заңнамасына сәйкес кемінде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе бұдан да ауыр жаза қарастырылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасалса, ұстап беру шарасы қолданылады.Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Перуда сотталған немесе ұсталған қазақстандықтар жоқ.Айта кетері, сенат үш шартты да бірауыздан мақұлдады.
https://sputnik.kz/20260114/mazhilis-eaeo-da-onimdi-baqylau-erezhesine-engizilgen-ozgeristerdi-ratifikatsiyalady-60381049.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62182233_122:0:1159:778_1920x0_80_0_0_b71746911ee990bea6b8e2b4d257f9f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, ратификациялау, сотталғандар
сенат, ратификациялау, сотталғандар
Қазақстан Перумен қылмыскерлерді ұстап беру шарттарын ратификациялады
10:50 02.04.2026 (жаңартылды: 15:11 02.04.2026) Сотталған адам тағайындалған жазаны өз елінде өтей алады
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Сенат Қазақстан мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру және қылмыскерлерді ұстап беру шарттарын ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұдан бөлек, сенаторлар екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек беру туралы шартты да қарады. Мұндай шараларға қамаудағы адамдарды уақытша беру, тінту, қылмыстан түскен табыстарды тәркілеу, банктегі шоттарды анықтау, сараптама жүргізу және тағы басқа әрекеттер кіреді. Ал елдің ұлттық заңнамасына қайшы мәселелер болса, құқықтық көмектен бас тартуға болады.
Қазақстан мен Перу арасындағы сотталған адамдарды беру шартына сәйкес, сотталған адам тағайындалған жазаны өз елінде өтей алады.
Ал қылмыскерлерді ұстап беруге қатысты шартта іздеуде жүрген адамды ұстап беру шаралары қарастырылған. Оған сәйкес, тараптардың заңнамасына сәйкес кемінде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе бұдан да ауыр жаза қарастырылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасалса, ұстап беру шарасы қолданылады.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Перуда сотталған немесе ұсталған қазақстандықтар жоқ.
Айта кетері, сенат үш шартты да бірауыздан мақұлдады.