Мәжіліс ЕАЭО-да өнімді бақылау ережесіне енгізілген өзгерістерді ратификациялады

© Sputnik / Санат ИмангалиевДепутаты мажилиса
Депутаты мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізетін хаттаманы ратификациялады.
"2024 жылғы 8 мамырда Мәскеуде қол қойылған хаттама ЕАЭО құқығы мен одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы арасындағы қайшылықтарды жоюға, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін беделдік сын-қатерлердің ықтималдығын азайтуға бағытталған", - деп жазылған мәжіліс хабарламасында.
Құжат келісімнің тұжырымдамаларын нақтылайды. Атап айтқанда, бүкіл мәтіндегі "қауіпті өнім туралы" деген сөз "Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы" деген сөзбен алмастырылады.
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2026
ЕАЭО елдері тұрғындарының 72,5%-ы қалада тұрады
Жаңалықтар
0