https://sputnik.kz/20260505/57-sekundta-qarsylasyn-nokautqa-tusirdi-qazaqstandyq-boksshy-amerikalyq-reytingke-ilikti-63203065.html
57 секундта қарсыласын нокаутқа түсірді: қазақстандық боксшы америкалық рейтингке ілікті
57 секундта қарсыласын нокаутқа түсірді: қазақстандық боксшы америкалық рейтингке ілікті
Sputnik Қазақстан
Бұл рейтингте Геннадий Головкин сияқты қазақстандық мықты спортшыларымыз бар 05.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-05T20:31+0500
2026-05-05T20:31+0500
2026-05-05T20:31+0500
бокс
тараз
чемпион
https://sputnik.kz/img/07ea/05/05/63202528_0:220:854:700_1920x0_80_0_0_0582779ad8f4d661a22c6abb764ffdf4.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Тараз қаласының тумасы - 20 жастағы боксшы Әли Бауыржан тәжікстандық қарсыласын 57 секундта құлатты. Боксшының жетістігі туралы жеке жаттықтырушысы, Қазақстан бокстан еңбек сіңірген жатықтырушы Әділ Қари Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.Жауырыны жер иіскемеген жас спортшы бокспен 7 жасынан айналысқан. Бүгінде ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 3-курс курсанты. Полиция сержанты алғашқы раундтың 57-ші секундында Тәжікстан спортшысы Раджаббой Ахмедовті нокаутқа түсірді.Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Бауыржан қарсыласына үстемдік танытып, бірнеше жойқын соққы жасаған. Тіпті ауыр соққыға қарсыласы шыдас бере алмаған. Бұны байқаған рингтегі рефери жекпе-жекті тоқтатқан.Талантты боксшы Әли Бауыржан бұған дейін Қарағанды қаласында Ғ.Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирде чемпион атанған. Ол Қазақстанның бокстан спорт шебері, ел чемпионы және халықаралық, республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.Жас спортшы курсант Бауыржан Әли әскери оқуда оқып, спортты да қатар алып жүріп, халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап келеді. Тікелей эфирде болған байрақты додада Қазақстанның туын көтерген Әли Бауыржаннан жаттықтырушының да, арқа сүйеген халқының да күтер үміті зор.
https://sputnik.kz/20260426/alem-kubogy-tort-qazaqstandyq-boksshy-finalda-zhudyryqtasady-62981543.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/05/63202528_0:320:854:961_1920x0_80_0_0_bfdd8e63a223542dc7a0ca11dd3b110f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
бокс, тараз, чемпион
57 секундта қарсыласын нокаутқа түсірді: қазақстандық боксшы америкалық рейтингке ілікті
Бұл рейтингте Геннадий Головкин сияқты қазақстандық мықты спортшыларымыз бар
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Тараз қаласының тумасы - 20 жастағы боксшы Әли Бауыржан тәжікстандық қарсыласын 57 секундта құлатты. Боксшының жетістігі туралы жеке жаттықтырушысы, Қазақстан бокстан еңбек сіңірген жатықтырушы Әділ Қари
Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
Жауырыны жер иіскемеген жас спортшы бокспен 7 жасынан айналысқан. Бүгінде ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 3-курс курсанты. Полиция сержанты алғашқы раундтың 57-ші секундында Тәжікстан спортшысы Раджаббой Ахмедовті нокаутқа түсірді.
"Әли бұл спортпен 13 жыл айналысады. Өмірінде жүзден астам жекпе-жегі болған, жеңісті орындары көп. 16 жасында спорт шебері алған. Американың Boxrek рейтингінде 14-орынға шықты. Бұл рейтингте Геннадий Головкин сияқты қазақстандық мықты спортшыларымыз бар. Әлидің мұндай жетістікке жетуі біз үшін мақтаныш", - дейді жаттықтырушысы.
Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Бауыржан қарсыласына үстемдік танытып, бірнеше жойқын соққы жасаған. Тіпті ауыр соққыға қарсыласы шыдас бере алмаған. Бұны байқаған рингтегі рефери жекпе-жекті тоқтатқан.
Талантты боксшы Әли Бауыржан бұған дейін Қарағанды қаласында Ғ.Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирде чемпион атанған. Ол Қазақстанның бокстан спорт шебері, ел чемпионы және халықаралық, республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.
"Жарыс Тараз қаласында бокстан халықаралық деңгейде болды. Әли талай қазақтың үмітін ақтады. Бұйырса осындай талай додада үмітімізді ақтайтынына сенемін. Жарыс Тараздағы спорт аренада өтті", - дейді жаттықтырушысы Әділ Қари.
Жас спортшы курсант Бауыржан Әли әскери оқуда оқып, спортты да қатар алып жүріп, халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап келеді. Тікелей эфирде болған байрақты додада Қазақстанның туын көтерген Әли Бауыржаннан жаттықтырушының да, арқа сүйеген халқының да күтер үміті зор.