https://sputnik.kz/20260426/alem-kubogy-tort-qazaqstandyq-boksshy-finalda-zhudyryqtasady-62981543.html
Әлем кубогы: төрт қазақстандық боксшы финалда жұдырықтасады
Әлем кубогы: төрт қазақстандық боксшы финалда жұдырықтасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп... 26.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-26T12:15+0500
2026-04-26T12:15+0500
2026-04-26T12:15+0500
спорт
бокс
әуесқой бокс
https://sputnik.kz/img/1291/95/12919552_0:158:3001:1846_1920x0_80_0_0_38198bb156d19075fee1a07c9032a49b.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті.1/2 финалдың қорытындысы бойынша төрт қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін бақ сынайды.60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Польша өкілі Анета Рыгельскаямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта бельгиялық Ошин Дериумен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта германиялық Валерий Вальтермен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз 5:0 есебімен жеңді.Айта кетері, 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша тікелей финалға өткен болатын.Ал үш боксшымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен жол берді.80 келіге дейінгі салмақта Жібек Жарасқызы алғашқы жекпе-жегінде Польша өкілі Эмилия Котерскаға 0:5 есебімен жол берді.80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов көз жарақатына байланысты жарысты жартылай финалдан аяқтады.Төменде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары көрсетілген.Барлық финал бүгін өтеді. Басталуы: Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де және 27 сәуірде 00:00-де.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1291/95/12919552_164:0:2835:2003_1920x0_80_0_0_0a85aa9d91669cdb4969714f8270bb30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бокс, әуесқой бокс
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті.
1/2 финалдың қорытындысы бойынша төрт қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін бақ сынайды.
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Польша өкілі Анета Рыгельскаямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта бельгиялық Ошин Дериумен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.
Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта германиялық Валерий Вальтермен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз 5:0 есебімен жеңді.
Айта кетері, 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша тікелей финалға өткен болатын.
Ал үш боксшымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен жол берді.
80 келіге дейінгі салмақта Жібек Жарасқызы алғашқы жекпе-жегінде Польша өкілі Эмилия Котерскаға 0:5 есебімен жол берді.
80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов көз жарақатына байланысты жарысты жартылай финалдан аяқтады.
Төменде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары көрсетілген.
60 келіге дейін: Виктория Графеева - Ребекка Сантос (Бразилия),
65 келіге дейін: Аида Әбікеева - Навбахор Хамидова (Өзбекстан),
80 келіден жоғары: Валерия Аксенова - Жофия Сира (Венгрия),
85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы - Кауе Белини (Бразилия).
Барлық финал бүгін өтеді. Басталуы: Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де және 27 сәуірде 00:00-де.