Астанада үй ауласында жүрген баланы көлік басып кетті

© pixabayАвтокөлік дөңгелегі
Автокөлік дөңгелегі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Жазылу
Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астанадағы көпқабатты үйдің ауласында сәбиді көлік басып кетті.
Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Полиция мәліметінше, 3 мамыр күні "Kia Seltos" жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан бүлдіршінді қағып кеткен.
Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция жүргізушілерге аулалар мен оған іргелес орналасқан аумақтарда қозғалыс кезінде аса мұқият болуды ескертеді.
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Ақтауда КамАЗ сержантты басып кетті – тергеу басталды
Жаңалықтар
0