Ақтауда КамАЗ сержантты басып кетті – тергеу басталды

© Photo : РixabayЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Ақтау гарнизонында "КамАЗ" көлігі әскери қызметшіні басып кетті. Сержант оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 14 қаңтарда болған. Әскерилер Оймаша әскери полигонынан қайтып келе жатқан.
"Қолайсыз ауа райы жағдайында, яғни көктайғақ, көріну нашарлап, қараңғы түскен уақытта КамАЗ автокөлігі келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кіші сержант Г. есімді әскери қызметшіні қағып кетті. Жарақат салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Отбасына заңнамаға сәйкес қажетті көмек көрсетіледі.
Жаңалықтар
0