Алдағы жылыту маусымына дайындық: 55 қазандық пен 51 турбина жөнделеді

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер Казахстана Олжас Бектенов посетил ТЭЦ-3 в Астане
Премьер Казахстана Олжас Бектенов посетил ТЭЦ-3 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Жазылу
Бүгінгі таңда бір қазандық пен бір турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен жылыту маусымының қорытындылары және алдағы жылыту маусымына дайындық туралы жиындар өтті, деп хабарлады үкімет.
Жиын барысында 2025-2026 жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жылыту маусымының аяқталуы, осы жылға арналған жөндеу науқаны, сондай-ақ проблемалық мәселелерді жою туралы баяндамалар тыңдалды.
Өткен жылы электр стансаларында 10 энергоблокта, 63 қазандықта және 39 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Электр желілерінде 17 мың шақырым электр беру желілері, 420 қосалқы станса жөнделді. Сондай-ақ, 323 шақырым жылу желілері қайта жаңартылып, ауыстырылды.
"Алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде электр стансаларында бекітілген кестеге сәйкес биыл 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны жөндеу жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда бір қазандық пен бір турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды, дейді үкіметте.
Роман Скляр энергетика министрлігіне және өңірлік басқармалардың басшыларына энергетика объектілерінің алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тұрақты бақылау және ағымдағы мәселелерді шешу үшін уақтылы шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді.
Министр энергетики раскритиковал темпы модернизации ТЭЦ-3 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-3 жаңғырту қарқынын сынға алды
Жаңалықтар
0