Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Словакия парламентінің вице-спикері Украинаның Еуродаққа кіруіне қарсы екенін айтты

© Sputnik / СтрингерФлаг Украины и флаг с символикой Евросоюза
Флаг Украины и флаг с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 мамыр - Sputnik. Словакия парламентінің вице-спикері, үкіметтік коалициядағы Словакия Ұлттық партиясының басшысы Андрей Данко Украинаның Еуропалық одаққа кіруіне қарсы болып отыр. Бұл туралы РИА новости жазды.
Словакия премьер-министрі Роберт Фицо сенбіде Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме барысында ол Украинаның Еуропалық Одаққа кіруге деген ниетін қолдайтынын айтты.
"Роберт Фицоның Владимир Зеленскийге Словакия Украинаның Еуропалық Одаққа кіруін қолдайтынын айтқанын түсінбеймін. Словакия Ұлттық партиясы, әрине, қарсы", - деп жазды Данко әлеуметтік желідегі парақшасында.
2022 жылдың маусымында Еуропалық Одақ Украина мен Молдоваға интеграциялық бірлестікке үміткер елдердің мәртебесін берді. Еуропалық Одаққа қосылу туралы келіссөзді ресми түрде бастау үшін бірнеше қатаң шарттар қойды.
Еуроодақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ Украинаға берілетін несиені әлі толық мақұлдаған жоқ
Жаңалықтар
0