https://sputnik.kz/20260422/euroodaq-ukrainaga-beriletin-nesieni-ali-tolyq-maquldagan-zhoq-62878379.html
Еуроодақ Украинаға берілетін несиені әлі толық мақұлдаған жоқ
Еуроодақ Украинаға берілетін несиені әлі толық мақұлдаған жоқ
Sputnik Қазақстан
Венгрия мен Словакия Украинаның еуропалық қаржыландыру жоспарына салған ветоны алып тастады, бірақ бағдарламаға қатысудан бас тартқанын растады 22.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-22T21:53+0500
2026-04-22T21:53+0500
2026-04-22T21:55+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/1411/49/14114943_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_69a843f6771fade5c6cfc0c2cba2a079.jpg
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Еуропалық Одақ Киевке алдағы екі жылда 90 миллиард еуро несие беру процесін әлі толық аяқтаған жоқ, деп хабарлады еуропалық дереккөз РИА Новостиге.Бұған дейін ЕО елшілері Украинаға 90 миллиард еуро несие беруді және Ресейге қарсы 20-шы санкциялар пакетін мақұлдағаны туралы хабарланған болатын.Сонымен бірге, БАҚ Венгрия мен Словакия Украинаның еуропалық қаржыландыру жоспарына салған ветоны алып тастағанын, бірақ бағдарламаға қатысудан бас тартқанын растағанын хабарлады.Жалпы бүгін Еуропалық комиссия мен Еуропалық инвестициялық банк Украина үшін 600 миллион еуродан астам сомаға жаңа қаржыландыру пакетін жариялады. Бұл жөнінде банктің сайтында жарияланған мәлімдемеде көрсетілген.
https://sputnik.kz/20260417/eo-syrtqy-ister-ministrleri-kelesi-aptada-reseyge-sanktsiya-salu-maselesin-talqylaydy-62749887.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1411/49/14114943_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_942e048bc5014d79587dae4a71fe9ff9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуроодақ Украинаға берілетін несиені әлі толық мақұлдаған жоқ
21:53 22.04.2026 (жаңартылды: 21:55 22.04.2026) Венгрия мен Словакия Украинаның еуропалық қаржыландыру жоспарына салған ветоны алып тастады, бірақ бағдарламаға қатысудан бас тартқанын растады
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Еуропалық Одақ Киевке алдағы екі жылда 90 миллиард еуро несие беру процесін әлі толық аяқтаған жоқ, деп хабарлады еуропалық дереккөз РИА Новостиге.
"Несие бүгін тұрақты өкілдер деңгейінде келісілді. ЕО Кеңесінде оны бекіту үшін жазбаша процедура басталды. Біз оның осы аптада, мүмкін бейсенбі күні түстен кейін аяқталады деп күтеміз", - деді дереккөз.
Бұған дейін ЕО елшілері Украинаға 90 миллиард еуро несие беруді және Ресейге қарсы 20-шы санкциялар пакетін мақұлдағаны туралы хабарланған болатын.
Сонымен бірге, БАҚ Венгрия мен Словакия Украинаның еуропалық қаржыландыру жоспарына салған ветоны алып тастағанын, бірақ бағдарламаға қатысудан бас тартқанын растағанын хабарлады.
Жалпы бүгін Еуропалық комиссия мен Еуропалық инвестициялық банк Украина үшін 600 миллион еуродан астам сомаға жаңа қаржыландыру пакетін жариялады. Бұл жөнінде банктің сайтында жарияланған мәлімдемеде көрсетілген.