Батыс Қазақстанда прокуратура "қандастың" құқығын қорғады

© Sputnik / Владислав ВодневПаспорт гражданина Казахстана
Паспорт гражданина Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 мамыр - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында әкімшілік құқық бұзған қандас елден шығарылған жоқ, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Облыстық прокуратура Қазақстанда ұзақ уақыт тұрып жатқан азаматтың құқығын қорғады.
"Ер адам көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот оны елден шығару туралы шешім шығарған. Алайда ер адам ол шешіммен келіспей, прокуратураға жүгінген", - деп жазды басылым.
Тексеру барысында оның "қандас" мәртебесіне ие екені, 2011 жылдан бері Оралда тұратыны анықталған. Ер адам Қазақстан азаматымен некеде тұрған және тәрбиесінде кәмелетке толмаған бала болған.
Осы жағдайларды ескере отырып, прокуратура апелляциялық өтініш енгізіп, бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жоюды сұраған.
Облыстық соттың апелляциялық алқасы қадағалау органының ұстанымын қолдады. Қандасты елден шығару туралы қаулы жойылып, әкімшілік істе құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.
Қандастар - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Қазақстанға қандастар қай елден көп келді
Жаңалықтар
0