Атырау облысында 30-ға жуық шетелдік елден шығарылды

© Photo : Пресс-служба ТОО "СП "Тенгизшевройл"Месторождение Тенгиз
Месторождение Тенгиз - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 мамыр - Sputnik. Атырау облысы Жылыой ауданында 27 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
Жылыой ауданының Теңіз қалашығында көші-қон қызметі шетел азаматтарының Қазақстанда болу заңдылығын тексеру мақсатында кешенді алдын алу іс-шараларын жүргізді.
Іс-шара барысында ел аумағында болу тәртібін бұзған 27 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылды. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Жылыой аудандық сотына жолданды.
Сонымен қатар көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2026
Жұмыс істеуге келетін шетелдіктер үшін бірыңғай салық енгізу жоспарланып отыр
Жаңалықтар
0