Қаржылық сауаттылық бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиада басталды

© Photo : Пресс-служба Министерства просвещения КазахстанаҚаржылық сауаттылық бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиада басталды
Қаржылық сауаттылық бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиада басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Жазылу
Қорытынды кезеңге елдің барлық өңірінен іріктелген 144 оқушы қатысып жатыр
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық бағытындағы республикалық олимпиада өтіп жатыр, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Астанада ұйымдастырылып жатқан 2-6 мамыр аралығындағы қорытынды кезеңге елдің барлық өңірінен іріктелген 144 оқушы қатысып жатыр.
Республикалық кезең екі турдан тұрады. Бірінші тур жазбаша, екінші тур ауызша форматта өтеді.
© Photo : Пресс-служба Министерства просвещения КазахстанаҚаржылық сауаттылық бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиада басталды
Республиканская олимпиада по финансовой грамотности для школьников - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Қаржылық сауаттылық бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиада басталды
"Олимпиаданың мақсаты - қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бағытында терең білім, білік және дағдыға ие дарынды оқушыларды анықтау, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында қаржылық мәдениетті қалыптастыру және кеңінен насихаттау", - дейді министрлікте.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Айта кету керек, олимпиаданың бастапқы кезеңіне еліміздің әр өңірінен 46 мыңнан астам оқушы қатысқан.
© Photo : Пресс-служба Министерства просвещения КазахстанаҚаржылық сауаттылық бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиада басталды
Республиканская олимпиада по финансовой грамотности для школьников - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Қаржылық сауаттылық бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиада басталды
Іс-шара аясында қатысушылардың қаржылық шешім қабылдау кезінде сыни ойлау қабілеттерін дамытуға, қауіпсіз қаржылық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және түрлі қаржылық ақпарат көздерімен жұмыс істеу машықтарын жетілдіруге басымдық беріледі.
Ұлттық бірыңғай тестілеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2026
Келесі жылы оқушылар ҰБТ-ны басқаша тапсырады – үкімет нақты өзгерістерді жариялады
Жаңалықтар
0