Астанада қазақ тазысына арналған көрме өтті

© Photo : Пресс-служба министерства экологии и природных ресурсов КазахстанаАстанада қазақ тазысына арналған көрме өтті
Астанада қазақ тазысына арналған көрме өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Жазылу
Іс-шара асыл тұқымдық жұмысты дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және ұлттық тұқымдарды дәріптеуге бағытталған
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Астанада қазақтың тазысына арналған "Kazakh Tazy" монотұқымды көрмесі өтті.
"Астана Виннер 2026" халықаралық кинологиялық көрмесі аясындағы іс-шараға экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Халықаралық кинология федерациясының (FCI) өкілдері, отандық және шетелдік кинологтар мен тазы тұқымының жанашырлары қатысты.
© Photo : Пресс-служба министерства экологии и природных ресурсов КазахстанаАстанада қазақ тазысына арналған көрме өтті
Монопородная выставка Kazakh Tazy состоялась в Астане
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Астанада қазақ тазысына арналған көрме өтті
Министр өз сөзінде Халықаралық кинология федерациясының қазақ тазы тұқымын алдын ала мойындауы ұлттық ит шаруашылығын дамытудағы маңызды қадам екенін айтып, халықаралық ұйым өкілдеріне осы бағыттағы қолдауы үшін алғыс білдірді.
CACIB деңгейінде ұйымдастырылған бұл көрме халықаралық кинология жүйесіндегі маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Іс-шара асыл тұқымдық жұмысты дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және ұлттық тұқымдарды дәріптеуге бағытталған.
© Photo : Пресс-служба министерства экологии и природных ресурсов КазахстанаАстанада қазақ тазысына арналған көрме өтті
Монопородная выставка Kazakh Tazy состоялась в Астане
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Астанада қазақ тазысына арналған көрме өтті
Қазақ тазысы – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан бірегей мәдени және тарихи мұрасы. Ол – қазақтың жеті қазынасының бірі ретінде ұлттық құндылықтардың маңызды символы.
Айта кетері, бүгінде бұл тұқымды дамытуға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше көңіл бөлуде. Соның нәтижесінде заңнамалық база жетілдіріліп, Қазақ ит тұқымдарының ұлттық орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, тазы тұқымын сақтау және дамыту бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар бекітілген.
Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, үздік иттер мен олардың иелері марапатталды.
Официальная мировая премьера казахских тазы состоялась на Всемирной выставке собак WDS 2025 в Хельсинки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды
Жаңалықтар
0