Астанада 20 жастағы жігіт стоматологияда көз жұмды

Қазақстандық мектептерде алғаш рет стоматологиялық кабинеттер ашылды
Қазақстандық мектептерде алғаш рет стоматологиялық кабинеттер ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Астанада 20 жастағы жігіт стоматологияда уколдан кейін көз жұмды. Полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде елордадағы стоматологиялардың бірінде жас жігіттің көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, стоматолог препаратты аллергиялық сынамасыз енгізген. Инъекциядан кейін М. денесі құрысып, жағдайы нашарлаған. Осыған қарамастан оған екінші инъекция жасалған. Осыдан кейін ол қайтыс болды. Сондай-ақ инъекцияны практикант аллергиялық сынамасыз енгізгені, ал стоматолог жағдайды тиісті деңгейде бақыламағаны хабарланды", - делінген жазбада.
Астана қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растап, тергеудің басталғанын хабарлады.
"Полиция 20 жастағы елорда тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта бірқатар тергеу амалдары басталды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді полицейлер.
стоматология, архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Қоғам
Стоматологияда тісін жұлдырған Алматы тұрғыны қайтыс болды
Жаңалықтар
0