https://sputnik.kz/20220218/stomatologiya-tis-almaty-turgyny-22902609.html
Стоматологияда тісін жұлдырған Алматы тұрғыны қайтыс болды
Стоматологияда тісін жұлдырған Алматы тұрғыны қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Клиника қызметкерлері анафилактикалық шок кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетпеді, дейді марқұмның туыстары 18.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-18T11:33+0500
2022-02-18T11:33+0500
2022-02-18T11:33+0500
қоғам
тіс
https://sputnik.kz/img/473/02/4730267_0:166:3053:1883_1920x0_80_0_0_247a0b9d40a18f8b0aaaa7850c24a037.jpg
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Алматыда ер адам тісін жұлдырғаннан кейін қайтыс болды. Қайғылы жағдай 9 ақпанда болған. 55 жастағы ер адам стоматологияда жасалған операциядан кейін анафилактикалық шок алған.Бұл туралы марқұмның туыстары әлеуметтік желіде жазды. Олардың айтуынша, ер адамға алғашқы көмек көрсетілмеген, оның орнына шай ішуді ұсынған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Жалобы Алматы" парақшасындағы жазбаға сәйкес, ер адамның денсаулығы жақсы болған, алайда ол DobroDent клиникасы дәрігерлерінің немқұрайлығынан қайтыс болды."Клиника қызметкерлері біліксіз, олар анафилактикалық шок кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетпеген. Адамды аман алып қалуға болатын уақытты өткізіп алған. Әкеме "екі тісті жұлу және имплант орнату" операциясы жасалды, операциядан кейін анафилактикалық шок алған. Клиника қызметкерлері алғашқы көмек көрсетпей, жатып демалып, шай ішуді ұсынған", - деп жазды туысы.Сондай-ақ марқұмның туыстары клиника басшылығымен сөйлескенін жазды. Сол арқылы емхана хаттама бойынша жұмыс істемейтінін, операция жасайтын кезде келісім жасаспайтынын, пациенттерден қажетті сынамалар алмайтынын, кардиограмма және операция алдында анестезия препаратына тест жасалмайтынын білген.Алматы қаласы №12 қалалық аурухананың баспасөз қызметі ер адамның анафилактикалық шок" диагнозымен клиникалық өлім күйінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілгенін растады."Тамыр соғысы болмады, жүрек қағысы естілмеді. 30 минут реанимациялық шаралар жүргізілді, өкінішке қарай нәтиже болмады. Жүрек қағысы қалпына келмеді", - деп мәлімдеді аурухананың баспасөз қызметі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/473/02/4730267_161:0:2892:2048_1920x0_80_0_0_12493044746dc0e47545c30c6e36a1f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тіс
Стоматологияда тісін жұлдырған Алматы тұрғыны қайтыс болды
Клиника қызметкерлері анафилактикалық шок кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетпеді, дейді марқұмның туыстары
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Алматыда ер адам тісін жұлдырғаннан кейін қайтыс болды. Қайғылы жағдай 9 ақпанда болған. 55 жастағы ер адам стоматологияда жасалған операциядан кейін анафилактикалық шок алған.
Бұл туралы марқұмның туыстары әлеуметтік желіде жазды. Олардың айтуынша, ер адамға алғашқы көмек көрсетілмеген, оның орнына шай ішуді ұсынған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан."Жалобы Алматы" парақшасындағы жазбаға сәйкес, ер адамның денсаулығы жақсы болған, алайда ол DobroDent клиникасы дәрігерлерінің немқұрайлығынан қайтыс болды.
"Клиника қызметкерлері біліксіз, олар анафилактикалық шок кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетпеген. Адамды аман алып қалуға болатын уақытты өткізіп алған. Әкеме "екі тісті жұлу және имплант орнату" операциясы жасалды, операциядан кейін анафилактикалық шок алған. Клиника қызметкерлері алғашқы көмек көрсетпей, жатып демалып, шай ішуді ұсынған", - деп жазды туысы.
Сондай-ақ марқұмның туыстары клиника басшылығымен сөйлескенін жазды. Сол арқылы емхана хаттама бойынша жұмыс істемейтінін, операция жасайтын кезде келісім жасаспайтынын, пациенттерден қажетті сынамалар алмайтынын, кардиограмма және операция алдында анестезия препаратына тест жасалмайтынын білген.
"Тек сөз арқылы келісімге келеді. Әкемнің жағдайы нашарлаған кезде емхана қызметкерлері туыстарына қоңырау шалмаған, жедел жәрдем қалалық 12-ауруханаға жалғыз өзін алып келген. Ол уақытта тыныс алмай жатқан", - дейді марқұмның туыстары.
Алматы қаласы №12 қалалық аурухананың баспасөз қызметі ер адамның анафилактикалық шок" диагнозымен клиникалық өлім күйінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілгенін растады.
"Тамыр соғысы болмады, жүрек қағысы естілмеді. 30 минут реанимациялық шаралар жүргізілді, өкінішке қарай нәтиже болмады. Жүрек қағысы қалпына келмеді", - деп мәлімдеді аурухананың баспасөз қызметі.