Қазақстанда тұратын ұлттардың саны қанша - статистика

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы 1 мамыр
Алматыдағы 1 мамыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2026
Жазылу
Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында (1,6 млн), орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында (428 мың) шоғырланған
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамының қарсаңында елде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің санын жарияляды.
2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны - 20 532 240 адамды құрап отыр.
Ұлттар бөлінісіндегі көрсеткіш мынандай:
1.
Қазақтар – 14 664 202
2.
Орыстар – 2 943 022
3.
Өзбектер – 695 557
4.
Украиндар – 367 547
5.
Ұйғырлар – 309 164
6.
Немістер – 222 890
7.
Татарлар – 218 361
8.
Әзербайжандар – 157 568
9.
Кәрістер – 120 821
10.
Түріктер – 93 234
11.
Дүнгендер – 88 165
12.
Беларустар – 73 788
13.
Тәжіктер – 61 307
14.
Күрділер – 52 077
15.
Қырғыздар – 41 459
Айта кетсек, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың.
Ал өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.
Азық-түлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Қазақстандықтар қандай азық-түлікті көп тұтынады - статистика
Жаңалықтар
0