Қазақстандықтар қандай азық-түлікті көп тұтынады - статистика

© Sputnik / Санат ИмангалиевАзық-түлік
Азық-түлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Жазылу
Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы қандай азық-түлікті көп тұтынатыны бойынша мәліметтерді жариялады.
"2025 жылы бұған дейінгі жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткіші өскен", - деп жазылған хабарламада.
Орта есеппен жан басына шаққанда бір айдағы тұтыну көлемі мынандай:
картоп – 3,8 кг
1-сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг
сиыр еті – 2,1 кг
алма – 1,6 кг
құмшекер – 1,5 кг
күріш – 1,4 кг
шикі сүт – 1,1 литр
айран – 1 литр
жұмыртқа – 17,6 дана
макарон өнімдері – 0,9 кг
жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг
қара шай – 0,1 кг
Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі, дейді статистика мамандары.
Көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы көлемін үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады.
Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2026
Наурызда 170 мың автокөлік есепке алынды - статистика
Жаңалықтар
0