https://sputnik.kz/20260430/qaraqshylyq-shabuyl-kezinde-urlangan-tapansha-almaty-oblysynan-tabyldy-63077239.html
Жетісуда қарақшылық шабуыл кезінде ұрланған тапанша Алматы облысынан табылды
Жетісуда қарақшылық шабуыл кезінде ұрланған тапанша Алматы облысынан табылды
Sputnik Қазақстан
Жалпы іс-шара аясында заңсыз айналымнан 25 атыс қаруы тәркіленді 30.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-30T11:49+0500
2026-04-30T11:49+0500
2026-04-30T11:50+0500
ішкі істер министрлігі
тапанша
тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e8/01/10/41619980_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_4a31769ca04fb7befd9860d1e75baf57.jpg
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Polisia.kz.Шара барысында тұрғылықты мекенжайлар бойынша 48 мыңнан астам қару иесі, сондай-ақ орталықтандырылған сақтау орындарында сақталған 3 мыңнан астам қару бірлігі тексерілді.Нәтижесінде қару айналымы мен тіркеу тәртібін бұзудың 515 фактісі анықталды. Оның ішінде қаруды сақтау жағдайларының заңнама талаптарына сәйкес келмеуі тіркелді. Заңсыз айналымнан 25 атыс қаруы тәркіленді.Бұдан бөлек, "Қылмыстық қару" есебінде тұрған, ішкі істер органдарының бақылауынан жалтарып жүрген 7 қару иесінің жүрген жері анықталды."Мәселен, Алматы қаласында қару иесі Алматы облысының ауылдық округіне көшіп кеткеніне қарамастан, бір жылдан астам уақыт бойы ішкі істер органдарына жүгініп, қаруды есепке қоймаған. Нәтижесінде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қаруы тәркіленді", - дейді министрлікте.Ішкі істер министрлігі атыс қаруының иелеріне қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтап, қаруды тіркеу, сақтау және қауіпсіз пайдалану тәртібін бұзбау қажеттігін ескертеді.
https://sputnik.kz/20260210/soltustik-qazaqstanda-oqushy-mektepke-pnevmatikalyq-tapansha-alyp-kelgen-61059800.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/10/41619980_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_40461a150d47ec8487fb5fb0388056ee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі, тапанша, тексеріс
ішкі істер министрлігі, тапанша, тексеріс
Жетісуда қарақшылық шабуыл кезінде ұрланған тапанша Алматы облысынан табылды
11:49 30.04.2026 (жаңартылды: 11:50 30.04.2026) Жалпы іс-шара аясында заңсыз айналымнан 25 атыс қаруы тәркіленді
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Шара барысында тұрғылықты мекенжайлар бойынша 48 мыңнан астам қару иесі, сондай-ақ орталықтандырылған сақтау орындарында сақталған 3 мыңнан астам қару бірлігі тексерілді.
Нәтижесінде қару айналымы мен тіркеу тәртібін бұзудың 515 фактісі анықталды. Оның ішінде қаруды сақтау жағдайларының заңнама талаптарына сәйкес келмеуі тіркелді. Заңсыз айналымнан 25 атыс қаруы тәркіленді.
"Сонымен қатар Алматы облысында 1944 жылы шығарылған Наган ойық ұңғылы тапанша тәркіленді. Аталған қару Жетісу облысында жасалған қарақшылық шабуыл кезінде ұрланған", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, "Қылмыстық қару" есебінде тұрған, ішкі істер органдарының бақылауынан жалтарып жүрген 7 қару иесінің жүрген жері анықталды.
"Мәселен, Алматы қаласында қару иесі Алматы облысының ауылдық округіне көшіп кеткеніне қарамастан, бір жылдан астам уақыт бойы ішкі істер органдарына жүгініп, қаруды есепке қоймаған. Нәтижесінде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қаруы тәркіленді", - дейді министрлікте.
Ішкі істер министрлігі атыс қаруының иелеріне қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтап, қаруды тіркеу, сақтау және қауіпсіз пайдалану тәртібін бұзбау қажеттігін ескертеді.