Қарағанды облысында көпқабатты үйде жарылыс болды

© Sputnik / Айдана ДайыроваҚарағанды облысында көпқабатты үйде газ жарылды
Қарағанды облысында көпқабатты үйде газ жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2026
Жазылу
Жарылыстан үш пәтерге зақым келген
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Молодежный кентінде жарылыс болып, өрт шықты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне жергілікті тұрғындар хабарлады.

"5 қабатты үйдің үшінші қабатында жарылыс болды. Көпқабатты тұрғын үйлер орталық жылу қазандығымен жылынады. Электр жарығы жиі өшеді, сол себепті тұрғындар газ плита қолданады", - дейді Молодежный кентінің тұрғыны.

Молодежный кентінің ПП-28 өрт сөндіру бөлімінің мәліметінше қазіргі таңда жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр. Жарылыстан 3, 4, 5-қабаттағы үш пәтерге зақым келген. Абырой болғанда адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.
Щучинскідегі өрт: қайтыс болғандардың саны өсті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2026
Щучинск дәмханасындағы жарылыс: қайтыс болғандар саны 11 адамға жетті
Жаңалықтар
0