ЕАЭО-ға әкелінген жүк ұшақтары кедендік баж салығынан 12 жылға босатылады

© Sputnik / Тимур Батыршин Самолет заходит на посадку в Международном аэропорту Алматы
 Самолет заходит на посадку в Международном аэропорту Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Жазылу
Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында Қазақстан бажсыз режим енгізуді ұсынды және ұсыныс қолдау тапты
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. ЕАЭО-ға жүк ұшақтарын әкелу 12 жыл бойы кедендік баж бен салықтан босатылады, деп хабарлады Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ұшақтар елге әкелгені үшін баж салымы 7,5% және 12,5%-ды құрайды.
Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында Қазақстан бажсыз режим енгізуді ұсынды және ұсыныс қолдау тапты.
Қазіргі уақытта Қазақстанның жүк ұшақтары паркін толықтыру қажеттілігі 130 ұшақты құрайды деп болжанып отыр.
Бұл режим қазақстандық әуе тасымалдаушыларына жүк паркін жаңарту және пайдалану бойынша қаржылық ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік береді.
Гидрометцентр - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2026
ЕАЭО елдері метеоқызметтер нарығы саласында ақпарат алмасады
Жаңалықтар
0