ЕАЭО елдері метеоқызметтер нарығы саласында ақпарат алмасады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуГидрометцентр
Гидрометцентр - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2026
Жазылу
Тараптар одаққа мүше мемлекеттер алмасатын ақпараттың тізімі қамтылған құжатқа қол қойды
АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. ЕАЭО елдері метеоқызметтер бойынша әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжат мүше мемлекеттер реттеуші органдарының метеорологиялық қызметтер саласында тиімді ақпарат алмасуына жағдай жасауға бағытталған.
Келісімде одақ елдерінің ресми сайттарына орналастырылатын ақпарат тізімі анықталды. Сонымен қатар, құжат тараптар арасында алмасылатын ақпараттың да тізімін белгілейді.
Келісім реттеушілерге деректерді жедел алмасуға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және ЕАЭО елдерінде метеорологиялық қызметтер нарығын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.
Доллар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
ЕАЭО елдерінде халықтың нақты табысы қалай өзгерді?
Жаңалықтар
0