Чехия премьер-министрі: Қазақстан – энергетика саласында аса үлкен орны бар ел

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Жазылу
Қазақстанның жасанды интеллект бағытындағы жетістіктері таңқаларлық, деді Андрей Бабиш
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Мемлекет басшысы екі ел арасында бұрыннан тығыз әрі достық қарым-қатынас орнағанын және сауда-саттық табысты дамып жатқанын айтты.
"Қос халықтың бір біріне құрметі зор. Ірі халықаралық құрылымдар шеңберінде бірлесе әрекет етіп келеміз. Бұл – өте маңызды. Елшіліктеріміз белсенді жұмыс істеп тұр. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Өзіңізбен бірге чех кәсіпкерлерінен құралған үлкен делегация алып келгеніңіз үшін алғыс айтамын", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада бизнес-форум нәтижесі екі елге пайдалы болатынына сенім білдіріп, өз тарапынан сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға күш салатынын жеткізді.
Андрей Бабиш қонақжайлық үшін ризашылығын білдіріп, жаңа Конституция қабылдануымен құттықтады.
"Қазақстан – энергетика саласында аса үлкен орны бар ел, әлемдегі уран өндіретін ірі мемлекеттердің қатарына кіреді. Бүгінде атом электр станцияларының маңызы арта түсті. Сол себепті осы салада келісімге келгенімізге қуаныштымын. Қазақстанның жасанды интеллект бағытындағы жетістіктері таңқаларлық. Екі елге ортақ дүние көп. Чехия мен Қазақстан үкіметтері өзара ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету үшін аянбай еңбек етеді деп ойлаймын, – деді ол.
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2026
Тоқаев пен Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты
Жаңалықтар
0