Тоқаев пен Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіҚазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты. Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ЖИ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады.
"Израиль президентіне Қазақстанның жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына енгізудегі негізгі жетістіктері көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді. Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптасады.
Самолет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Израиль Қазақстанмен тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделі – Ицхак Герцог
Жаңалықтар
0