Израиль Қазақстанмен тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделі – Ицхак Герцог

Самолет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Израиль Қазақстанмен тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделі. Бұл туралы Астанаға ресми сапармен келген Ицхак Герцог мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы кездесуінде айтты, деп хабарлайды Ақорда.
"Екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен тауар айналымын арттыруға мүмкіндік мол екеніне назар аударғым келеді. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдай аламыз. Атап айтқанда, біз тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделіміз. Ол іскерлік және сауда қатынастарына оң ықпал етеді", – деді Израиль президенті.
Бұдан бөлек, Ицхак Герцог екіжақты құқықтық-келісімшарт базасын кеңейтуге ниетті екенін атап өтті.
"Қазіргі кезде бірқатар келісім, соның ішінде қосарланған салықты алып тастау туралы уағдаластық пысықталып жатыр", – деп толықтырды ол.
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты жалғастыруға, барлық деңгейдегі ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ бірлесе күш жұмылдыра отырып серіктестікті жаңа әрі сапалы кезеңге шығаруға келісті.
Касым-Жомарт Токаев и президент Израиля Ицхак Герцог провели встречу в узком составе - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Қазақстанға үнемі келгім келетін еді – Израиль президенті
Жаңалықтар
0