https://sputnik.kz/20260427/qazaqstanga-unemi-kelgim-keletin-edi--izrail-prezidenti-63007983.html
Қазақстанға үнемі келгім келетін еді – Израиль президенті
Қазақстанға үнемі келгім келетін еді – Израиль президенті
Sputnik Қазақстан
Ицхак Герцог қазақ жерінің көркем табиғаты мен қазақ халқының керемет мәдениеті туралы көп естігенін атап өтті 27.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-27T18:15+0500
2026-04-27T18:15+0500
2026-04-27T18:15+0500
израиль
ресми сапар
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1b/63007365_0:4:1281:724_1920x0_80_0_0_27f7032feab980ed6d975d05b6c81860.jpg
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев 1992 жылдан бері қос халық ортасында тығыз достық байланыс орнағанын атап өтті.Израиль президенті 1993 жылы Қазақстанға сапар жасаған әкесі Хаим Герцогтың ізін жалғап Ақордаға келгені үшін қуанышты екенін жеткізді.Сонымен қатар Израиль президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу және Бейбітшілік кеңесінің жұмысына атсалысу туралы шешімін қолдады.
https://sputnik.kz/20260427/astanaga-izrail-prezidenti-keldi-63007114.html
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1b/63007365_84:0:1167:812_1920x0_80_0_0_29c16d50fffeea4cfc8bd07ad045262c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль, ресми сапар, қасым-жомарт тоқаев
израиль, ресми сапар, қасым-жомарт тоқаев
Қазақстанға үнемі келгім келетін еді – Израиль президенті
Ицхак Герцог қазақ жерінің көркем табиғаты мен қазақ халқының керемет мәдениеті туралы көп естігенін атап өтті
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1992 жылдан бері қос халық ортасында тығыз достық байланыс орнағанын атап өтті.
"Өзара ынтымақтастықта, әсіресе, экономика және саяси бағыттарда елеулі табысқа қол жеткіздік. Еліміз Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам Таяу Шығыс елдері мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың қалпына келуіне Қазақстанның да үлес қосуға дайын екенін көрсетеді", – деді мемлекет басшысы.
Израиль президенті 1993 жылы Қазақстанға сапар жасаған әкесі Хаим Герцогтың ізін жалғап Ақордаға келгені үшін қуанышты екенін жеткізді.
"Қазақстанға үнемі келгім келетін еді. Мұны шын жүректен айтып отырмын. Өйткені қазақ жерінің көркем табиғаты мен қазақ халқының керемет мәдениеті туралы көп естідім. Менімен бірге өзара серіктестігімізге, әсіресе, жоғары технологиялар саласындағы ықпалдастыққа тың серпін беретін сарапшылар келді. Әлем жаңа дәуірге қадам басқан кезеңде елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті орасан зор", – деді Ицхак Герцог.
Сонымен қатар Израиль президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу және Бейбітшілік кеңесінің жұмысына атсалысу туралы шешімін қолдады.