https://sputnik.kz/20260428/astanada-kolikteri-evakuatsiyalangan-zhurgizushiler-endi-aqy-toleydi-63023450.html
Астанада ереже бұзған көліктерді эвакуациялау жұмыстары басталды
Астанада ереже бұзған көліктерді эвакуациялау жұмыстары басталды
Sputnik Қазақстан
Эвакуация құны 3 АЕК-ті құрайды, ал тұрақта сақтау ақысы бөлек төленеді 28.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-28T14:39+0500
2026-04-28T14:39+0500
2026-04-28T14:42+0500
астана
эвакуатор
көлік
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1c/63023146_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_cc03b080b6c12277ccd3a6d024420312.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Астанада жол ережесін бұзғаны үшін көлік құралдарын ақылы эвакуациялау жүйесі енгізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының мәліметінше, бүгіннен бастап Астанада арнайы эвакуаторлар жұмыс істеп, ереже бұзған жүргізушілердің көліктерін коммуналдық тұрақтарға жеткізеді.Бұл шешім көлік жүйесін кешенді дамыту аясында қабылданған. Себебі дұрыс қойылмаған көліктер жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп, қауіпсіздікке әсер етеді.Эвакуация адамдар көп шоғырланатын, тыйым салу белгілері орнатылған және қозғалысқа кедергі келтіретін аумақтарда жүргізіледі.Процесс толық цифрландырылған: арнайы жүйелер құқықбұзушылықты тіркеп, мәліметтерді полицияға жібереді. Кейін көлік иесіне eGov Mobile арқылы хабарлама жолданып, шешім қабылданады. Эвакуация туралы қаулы полиция қызметкері тарапынан цифрлық сервистер арқылы рәсімделеді.Егер жүргізуші құқықбұзушылықты сол жерде түзесе, көлік эвакуацияланбайды, тек әкімшілік шара қолданылады.Эвакуация құны 3 АЕК-ті құрайды, ал тұрақта сақтау ақысы бөлек төленеді.
https://sputnik.kz/20260427/astanada-erli-zayypty-blogerlerge-sot-ukimi-shyqty-63008385.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1c/63023146_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_9cd6ebcf84bdd3d587ac8a3f7d4bcd55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, эвакуатор, көлік
Астанада ереже бұзған көліктерді эвакуациялау жұмыстары басталды
14:39 28.04.2026 (жаңартылды: 14:42 28.04.2026) Эвакуация құны 3 АЕК-ті құрайды, ал тұрақта сақтау ақысы бөлек төленеді
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Астанада жол ережесін бұзғаны үшін көлік құралдарын ақылы эвакуациялау жүйесі енгізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының мәліметінше, бүгіннен бастап Астанада арнайы эвакуаторлар жұмыс істеп, ереже бұзған жүргізушілердің көліктерін коммуналдық тұрақтарға жеткізеді.
Бұл шешім көлік жүйесін кешенді дамыту аясында қабылданған. Себебі дұрыс қойылмаған көліктер жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп, қауіпсіздікке әсер етеді.
"Мәслихат шешіміне сәйкес, ең алдымен жаяу жүргіншілер өткелдерінде, тротуарларда және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарда дұрыс қойылмаған көліктер эвакуацияланады. Мұндай бұзушылықтар жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді", - деп жазылған хабарламада.
Эвакуация адамдар көп шоғырланатын, тыйым салу белгілері орнатылған және қозғалысқа кедергі келтіретін аумақтарда жүргізіледі.
Процесс толық цифрландырылған: арнайы жүйелер құқықбұзушылықты тіркеп, мәліметтерді полицияға жібереді. Кейін көлік иесіне eGov Mobile арқылы хабарлама жолданып, шешім қабылданады. Эвакуация туралы қаулы полиция қызметкері тарапынан цифрлық сервистер арқылы рәсімделеді.
Егер жүргізуші құқықбұзушылықты сол жерде түзесе, көлік эвакуацияланбайды, тек әкімшілік шара қолданылады.
"Ал көлігін таппай қалған жүргізушілер 102 немесе 112 нөмірлеріне хабарласып, ақпарат ала алады. Көлікті қайтару үшін полиция департаментінің әкімшілік тәжірибе бөліміне жүгініп, рұқсат алып, арнайы тұрақтан алып кетуі қажет", - дейді әкімдікте.
Эвакуация құны 3 АЕК-ті құрайды, ал тұрақта сақтау ақысы бөлек төленеді.