Астанада ерлі-зайыпты блогерлерге сот үкімі шықты

© Photo : Агентство по финансовому мониторингу КазахстааСупруги - блогеры Ерболат Жанабылов и Эльмира Толегенова
Супруги - блогеры Ерболат Жанабылов и Эльмира Толегенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Жазылу
8 автокөлік және 17 ұялы телефон мемлекет кірісіне тәркіленді
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Астанада ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оларға заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, алдын ала сөз байласып, қылмыстық жолмен алынған ақша қаражаттарын заңдастырып, аса ірі мөлшерде табыс алды деген айып тағылды (ҚР ҚК-нің 214-бабының 2-бөлігі, 218-бабының 2-бөлігі).
"Сот Ж. және Т. әлеуметтік желі арқылы 10 автокөлік және өзге де бағалы сыйлықтарды ойнатуды ұйымдастырғанын анықтады. Оған қатысу үшін азаматтарға 30 000 теңге енгізу қажет болған, бұл ретте жеңімпаздар "сәттілік барабаны" пайдаланыла отырып, лотерея әдісімен анықталған", - деп жазылған Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарламасында.
Ұтыс ойынына 6 мыңнан астам адам қатысып, жалпы 247,6 млн теңге жиналған. Алайда бұл іс-шаралар лотерея өткізу жөніндегі ұлттық оператор — "Сәтті Жұлдыз" АҚ-мен келісімшартсыз, жеке аккаунттар арқылы ұйымдастырылған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, жиналған қаражат "Zhana Business" ЖШС шотына түскен. Сонымен қатар, айыпталушылар қаржының бір бөлігін – шамамен 60 млн теңгені өздеріне тиесілі компания шоттарына аударып, кейін оның бір бөлігін "сыйақы" ретінде жеке есепшоттарына шығарған.
Сотта ерлі-зайыпты кінәсын толық мойындап, процестік келісім жасауға өтініш білдірген.
Жеңілдететін мән-жайлар ретінде сот олардың үш кәмелетке толмаған баласының барын, бұрын сотталмағанын және келтірілген залалды (247 млн теңге) толық өтегенін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен Ерболат Жанәбіловқа шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.
Ал Эльмира Төлегенова 2 жылға бас бостандығынан айырылды, оның да мүлкі тәркіленді. Дегенмен үш баласының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған кезеңде сатып алынған 8 автокөлік және 17 ұялы телефон мемлекет кірісіне тәркіленді.
Жаңалықтар
0