Парижге жаяу барған зейнеткер: "Аң, қасқыр шығады деп қорқып көрмеппін"

© PhotoПарижге жаяу барған Ұлытау облысының тұрғыны Сәрсембай Қотырашев
Парижге жаяу барған Ұлытау облысының тұрғыны Сәрсембай Қотырашев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Жазылу
Ол алғашқы саяхатын 2022 жылы бастаған
АСТАНА, 27 сәуір-Sputnik. Ұлытау облысының тұрғыны Сәрсембай Қотырашев Парижге жаяу барған. Бір Франция емес, талай мемлекетті жаяу бағындырған ақсақалмен Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасты.
Сәрсембай қарияның жасы 77-де. Бірақ жасым шау тартты деп таяққа сүйенген ол жоқ, жаяулатып шетел аралап жүр.
© PhotoПарижге жаяу барған Ұлытау облысының тұрғыны Сәрсембай Қотырашев
Парижге жаяу барған Ұлытау облысының тұрғыны Сәрсембай Қотырашев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Парижге жаяу барған Ұлытау облысының тұрғыны Сәрсембай Қотырашев
"Мен мемлекеттік қорықта еңбек еткенмін. Сол кездері шетелден саяхатшылар көп келетін. Соларға қарап "неге мен де шетелді араламаймын, қолымнан келеді ғой" деп ойлайтын едім", - дейді Сәрсембай Қотырашев.
Ол алғашқы саяхатын 2022 жылы бастаған. Алғаш 8 мың шақырым жаяу жүріп, алты айда Қазақстанның бар аймағын аралапты. Сосын шетелге сапарлаған.
"Ресей, Грузия, Түркия, Маңғолия, Қытай, Сербия, Бельгия, Австрия, Венгрия мен Германия, Үндістанға барып қайттым. Мен қыстай жұмыс істеймін де, жаздай сапарлаймын. Сапарымда әсіресе шешен ұлты өте ұнады, сондай қайырымды. Аяғымды жерге тигізбей, қонақ үйге жатқызбай, өз үйлерінде күтті. "Қазақтарға алғысымыз көп, қиын күндері шешендерге көмектескен" дейді олар. Сосын үндістердің қонақжайлылығы тәнті етті", - деп Сәрсембай қария саяхат кезіндегі алған әсерімен бөлісті.
Саяхат кезінде оның жанында тілмаш болмаған, ұялы телефондағы аударма қосымшасын пайдаланған. Қасында еріп жүретін көлік те жоқ, тек жаяу жүрген.
"Жаяу жүргенге қорыққан кезім болған жоқ. Үйден шығамын да жаяулатып жүре беремін, ешқашан транспортқа отырған емеспін", - дейді Сәрсембай ақсақал.
Қарияның жұбайы бірнеше жыл бұрын көз жұмған. Бір немересі, үш шөбересі бар.
© PhotoПарижге жаяу барған Ұлытау облысының тұрғыны Сәрсембай Қотырашев
Парижге жаяу барған Ұлытау облысының тұрғыны Сәрсембай Қотырашев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Парижге жаяу барған Ұлытау облысының тұрғыны Сәрсембай Қотырашев
Жасаған сапарына жалпы15 млн теңге ақша жұмсаған. Сондықтан ол зейнетақысы мен жалақысының басын қосып, оны ел аралауға жұмсайды. Демеушілер де саяхатшы қарияға көмек береді екен.
"Германия мен Францияда жол ережесі қатал екен. Тас жолмен жүргізбейді, велосипедпен жүретін жолмен ғана жүресің. Сәйкесінше айналып көп жүресің, уақыт көп кетеді. Сосын орман мен таулы жердің бейнеті көп болды. Бірақ аң, қасқыр шығады деп қорқып көрмеппін. Қазақтың өзі қасқыр ғой", - дейді әлемді жаяу бағындырып жүрген Сәрсембай Қотырашев.
Қазіргі күні ол темір бетон зауытында ұста болып жұмыс істейді. Алла денсаулық берсе, әлі талай жерді аралаймын, дейді ол.
Ребенок - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2026
"Көзі нашар көретін балалар саны артып барады": офтальмолог дабыл қақты
Жаңалықтар
0