https://sputnik.kz/20260425/astanada-resey-kinosy-festivali-ayasynda-aviator-filmi-korsetildi-62958491.html
Астанада Ресей киносы фестивалі аясында "Авиатор" фильмі көрсетілді
Астанада Ресей киносы фестивалі аясында "Авиатор" фильмі көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі 26 сәуірге дейін жалғасады 25.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-25T11:27+0500
2026-04-25T11:27+0500
2026-04-25T11:27+0500
ресей
кино
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62917928_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_fe31dc4f57e97b3decc300c5aadff1b3.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Астанада Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі жалғасып жатыр, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.Фестиваль бағдарламасының екінші күні көрермен назарына режиссер Егор Кончаловскийдің "Авиатор" көркем фильмі ұсынылды.Фильм жазушы Евгений Водолазкиннің осы атаудағы романының желісімен түсірілген. Оқиға желісі шамамен бір ғасыр бұрын кеңестік ғалымдар жүргізген тәжірибе салдарынан мұздатылып, араға ұзақ уақыт салып, құпия зертханада есін жиған кейіпкердің тағдыры арқылы өрбиді. Өткен мен бүгіннің арасын жалғаған бұл туындыда жады, уақыт және адам болмысы тақырыптары тереңінен қозғалады. Картина фестиваль бағдарламасындағы мазмұны айрықша көрсетілімдердің біріне айналды.Фильмді қазақстандық көрерменге актриса Дарья Кукарских таныстырды. Ол мұндай мәдени кездесулердің Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытудағы маңызын атап өтті.Көрсетілімнен кейін көрермендермен шығармашылық кездесу ұйымдастырылып, актриса түсірілім барысы, шығармашылық ізденістер мен фильмде көтерілген негізгі ойлар туралы әңгімеледі.Айта кетейік, Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі 26 сәуірге дейін жалғасады. Бағдарлама аясында әртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылып, барлық көрсетілім тегін өтеді.
https://sputnik.kz/20260424/qarin-qazaqstandagy-resey-madenieti-kunderinin-saltanatty-ashyluyna-qatysty-62925377.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62917928_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_655f208457512874183e6106c57381b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, кино
Астанада Ресей киносы фестивалі аясында "Авиатор" фильмі көрсетілді
Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі 26 сәуірге дейін жалғасады
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Астанада Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі жалғасып жатыр, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.
Фестиваль бағдарламасының екінші күні көрермен назарына режиссер Егор Кончаловскийдің "Авиатор" көркем фильмі ұсынылды.
Фильм жазушы Евгений Водолазкиннің осы атаудағы романының желісімен түсірілген. Оқиға желісі шамамен бір ғасыр бұрын кеңестік ғалымдар жүргізген тәжірибе салдарынан мұздатылып, араға ұзақ уақыт салып, құпия зертханада есін жиған кейіпкердің тағдыры арқылы өрбиді. Өткен мен бүгіннің арасын жалғаған бұл туындыда жады, уақыт және адам болмысы тақырыптары тереңінен қозғалады. Картина фестиваль бағдарламасындағы мазмұны айрықша көрсетілімдердің біріне айналды.
Фильмді қазақстандық көрерменге актриса Дарья Кукарских таныстырды. Ол мұндай мәдени кездесулердің Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытудағы маңызын атап өтті.
Көрсетілімнен кейін көрермендермен шығармашылық кездесу ұйымдастырылып, актриса түсірілім барысы, шығармашылық ізденістер мен фильмде көтерілген негізгі ойлар туралы әңгімеледі.
Айта кетейік, Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі 26 сәуірге дейін жалғасады. Бағдарлама аясында әртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылып, барлық көрсетілім тегін өтеді.