https://sputnik.kz/20260424/qarin-qazaqstandagy-resey-madenieti-kunderinin-saltanatty-ashyluyna-qatysty-62925377.html
Қарин Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты
Қарин Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлады Ақорда. 24.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-24T10:32+0500
2026-04-24T10:32+0500
2026-04-24T10:32+0500
ресей
мәдениет және спорт министрлігі
театр мәдениеті
https://sputnik.kz/img/07ea/04/18/62924820_128:250:3325:2048_1920x0_80_0_0_13aaab4d222e8f9bdce67af192267ab3.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлады Ақорда.Ерлан Қарин "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында өткен Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты. Аталған іс-шараны премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық корпусы мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері де тамашалады.Онда қос мемлекеттің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері мәдениеттің музей және архив ісінен бастап, театр және концерт ұйымдарының ынтымақтастығына дейінгі барлық бағыттағы бірлескен жаңа жобаларды талқылады.Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өткен болатын. Оның аясында Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің қорынан "Қазақстан өнерінің жауһарлары" көрмесі және қазақстандық кино күндері ұйымдастырылды. Сондай-ақ "Парасат майданы" спектаклі сахналанды. Мәдени бағдарлама Үлкен театр сахнасындағы қазақстандық өнерпаздардың гала-концертіне ұласты. Аталған іс-шара мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтіп, көрермендер тарапынан кең қолдау тапты.Екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықты арттыратын мұндай форматтар Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз достық қарым-қатынастардың айғағы ретінде мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/18/62924820_502:184:2987:2048_1920x0_80_0_0_7e2cb6e640b412e7536bcec997f3f8ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, мәдениет және спорт министрлігі, театр мәдениеті
ресей, мәдениет және спорт министрлігі, театр мәдениеті
Қарин Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Ерлан Қарин "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында өткен Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты. Аталған іс-шараны премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық корпусы мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері де тамашалады.
"Сонымен қатар бұл күні Қазақстандағы Ресей киносының фестивалі басталды. Оның аясындағы көрсетілімдер 26 сәуірге дейін жалғасады. Ал Ұлттық музейде "Мәдени дәстүрлерді біріктіру және шығармашылықтағы заманауи тәжірибелер: Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды", - деп жазылған хабарламада.
Онда қос мемлекеттің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері мәдениеттің музей және архив ісінен бастап, театр және концерт ұйымдарының ынтымақтастығына дейінгі барлық бағыттағы бірлескен жаңа жобаларды талқылады.
Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өткен болатын. Оның аясында Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің қорынан "Қазақстан өнерінің жауһарлары" көрмесі және қазақстандық кино күндері ұйымдастырылды. Сондай-ақ "Парасат майданы" спектаклі сахналанды. Мәдени бағдарлама Үлкен театр сахнасындағы қазақстандық өнерпаздардың гала-концертіне ұласты. Аталған іс-шара мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтіп, көрермендер тарапынан кең қолдау тапты.
Екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықты арттыратын мұндай форматтар Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз достық қарым-қатынастардың айғағы ретінде мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.