СҚО-да су тасу қаупі бар 112 елді мекен бақылауда тұр - үкімет

© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіПремьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2026
Жазылу
Олардың қауіпсіздігін жалпы ұзындығы 105,4 км болатын 60 бөгет қамтамасыз етеді
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді, деп хабарлады үкімет.
Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық жағдайымен танысып, Есіл өзені бойындағы елді мекендерге әуеден шолу жасаған.
© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіПремьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді
Облыс әкімдігінің мәліметінше, су тасқыны қаупі бар 112 елді мекен бақылауда. Олардың қауіпсіздігін жалпы ұзындығы 105,4 км болатын 60 бөгет қамтамасыз етеді.
"Петропавл қаласында екі бөгетті қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қызылжар ауданында биопруд және жалпы ұзындығы 24,4 км болатын үш бөгет бойынша жобалар аяқталуға жақын", - деп жазылған хабарламада.
Су режиміне тәулік бойы мониторинг 27 гидрологиялық бекет арқылы жүргізіліп жатыр, дейді әкімдікте.
© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіПремьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді
Бүгінгі күнге дейін тұрғын үйлерді су басу деректері тіркелген жоқ. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 4 су асу фактісі тіркелді, алайда елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
Жалпы су тасқыны кезеңі мамыр айының басына қарай қалыпты деңгейде аяқталады деп күтіліп отыр.
Павлодардағы қар еруі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
Су тасқынына дайындық: Шығыс Қазақстанда қар қатты еріп жатыр
Жаңалықтар
0