Су тасқынына дайындық: Шығыс Қазақстанда қар қатты еріп жатыр

© Photo : Акимат Павлодарской областиПавлодардағы қар еруі
Павлодардағы қар еруі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
Жазылу
Бақылау нәтижелері бойынша гидрологиялық жағдайдың тұрақты екені анықталды
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қардың қарқынды еруіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі басталды. Өңірде су тасқынының алдын алу мақсатында тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
"Құтқарушылар өзендердің мұздан ашылу барысын бақылап, су тасқыны қаупі бар учаскелерді ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып тексеріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Аталған жұмыстар жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалауға, тасқын қаупі туындаған жағдайда уақтылы шаралар қабылдауға бағытталған.
Бақылау нәтижелері бойынша гидрологиялық жағдайдың тұрақты екені анықталды. Облыстың көптеген өзенінде мұздың әлсіреуі байқалады, ал кейбір өзендерде мұздан ашылу жүріп жатыр. Қауіп төндіретін су деңгейінің көтерілуі тіркелген жоқ.
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Cу тасқынына дайындық: Қазақстан мен Ресей су деңгейі туралы күнде ақпарат алмасады
Жаңалықтар
0