https://sputnik.kz/20260223/cu-tasqynyna-dayyndyq-qazaqstan-men-resey-su-dengeyi-turaly-kunde-aqparat-almasady--61392654.html
Cу тасқынына дайындық: Қазақстан мен Ресей су деңгейі туралы күнде ақпарат алмасады
Cу тасқынына дайындық: Қазақстан мен Ресей су деңгейі туралы күнде ақпарат алмасады
Sputnik Қазақстан
Су көлемін алдын ала бағалау негізінде Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендері бассейндерінде тасқын суды өткізу сценарийлері келісілді 23.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-23T22:53+0500
2026-02-23T22:53+0500
2026-02-24T08:10+0500
қазақстан
ресей
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1e/53025746_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_4641e2211ccd49b0a094c6d25d09e42a.jpg
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Ресей Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендері бассейндеріндегі су тасқынына дайындықты талқылады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Су тасқыны кезеңіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының IV отырысы өтті.Отырыста тараптар гидрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, алдағы көктемгі су тасқынының болжамдары мен ерекшеліктерін талқылады. Сондай-ақ су қоймаларына келетін су көлемін алдын ала бағалау негізінде Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендері бассейндерінде тасқын суды өткізу сценарийлері келісілді.Тараптар 2026 жылдың 2 наурызынан бастап су қоймаларының жұмыс режимдері мен гидробекеттердегі су деңгейлері туралы күнделікті ақпарат алмасуды бастауға келісті.
https://sputnik.kz/20260206/koktemgi-su-tasqynyna-dayyndyq-110-shaqyrym-oz-arnasy-boligi-tazartylyp-zhatyr-60971290.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1e/53025746_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_f21e089e869fddc6d293b83afb9b2b20.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, министрлік
қазақстан, ресей, министрлік
Cу тасқынына дайындық: Қазақстан мен Ресей су деңгейі туралы күнде ақпарат алмасады
22:53 23.02.2026 (жаңартылды: 08:10 24.02.2026) Су көлемін алдын ала бағалау негізінде Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендері бассейндерінде тасқын суды өткізу сценарийлері келісілді
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Ресей Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендері бассейндеріндегі су тасқынына дайындықты талқылады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Су тасқыны кезеңіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының IV отырысы өтті.
Отырыста тараптар гидрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, алдағы көктемгі су тасқынының болжамдары мен ерекшеліктерін талқылады. Сондай-ақ су қоймаларына келетін су көлемін алдын ала бағалау негізінде Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендері бассейндерінде тасқын суды өткізу сценарийлері келісілді.
"Қазіргі уақытта біз ресейлік әріптестерімізбен бірге трансшекаралық өзендер бассейндеріндегі су шаруашылығы жағдайын мұқият бақылап отырмыз. Су қоймаларында тасқын суды қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр", – деді министрліктің су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева.
Тараптар 2026 жылдың 2 наурызынан бастап су қоймаларының жұмыс режимдері мен гидробекеттердегі су деңгейлері туралы күнделікті ақпарат алмасуды бастауға келісті.