https://sputnik.kz/20260424/almatyda-oqushy-qyz-mektepke-balta-ustap-bargan-62940944.html
Алматыда оқушы қыз мектепке балта ұстап барған
Алматыда оқушы қыз мектепке балта ұстап барған
Sputnik Қазақстан
Оған мессенджердегі чат арқылы тапсырма берілген көрінеді 24.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-24T15:53+0500
2026-04-24T15:53+0500
2026-04-24T15:53+0500
оқушы
алматы
балта
https://sputnik.kz/img/old/859/90/8599025_0:220:2859:1828_1920x0_80_0_0_d8bf9a0cfd5a0c8ff30477422c9dc8f7.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Алматыда 6-сынып оқушысы мектепке балта алып барған. Полиция заңға қайшы әрекеттің алдын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде оқушы қыздың белгісіз біреулердің ықпалымен мектепке балтамен барғаны туралы ақпарат тарады. Оған мессенджердегі чат арқылы тапсырма берілген көрінеді.Қалалық полиция бұл оқиғаның Жетісу ауданында болғанын растады. Кәмелет жасқа толмаған оқушы қыз әлеуметтік желі арқылы алған нұсқауымен құқыққа қайшы әрекет жасауды жоспарлаған. Полиция дер кезінде осы әрекеттің алдын алды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.Осы орайда полиция депаратменті ата-аналар тарапынан интернетте отырған балаларды бақылау қажеттігін еске салды. Ал кез келген қауіпті белгілер болған жағдайда бірден әрекет ету керек.Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша 1 000 АЕК-ке (4 325 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20260206/qulsaryda-oqushy-mektepte-qatarlastaryna-baltamen-shabuyl-zhasagan-60978406.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/859/90/8599025_63:0:2794:2048_1920x0_80_0_0_2fc4ff56c174304fda58ee11dc593f51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, алматы, балта
Алматыда оқушы қыз мектепке балта ұстап барған
Оған мессенджердегі чат арқылы тапсырма берілген көрінеді
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Алматыда 6-сынып оқушысы мектепке балта алып барған. Полиция заңға қайшы әрекеттің алдын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде оқушы қыздың белгісіз біреулердің ықпалымен мектепке балтамен барғаны туралы ақпарат тарады. Оған мессенджердегі чат арқылы тапсырма берілген көрінеді.
Қалалық полиция бұл оқиғаның Жетісу ауданында болғанын растады. Кәмелет жасқа толмаған оқушы қыз әлеуметтік желі арқылы алған нұсқауымен құқыққа қайшы әрекет жасауды жоспарлаған. Полиция дер кезінде осы әрекеттің алдын алды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.
"Тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы, соның ішінде жасөспірімді құқыққа қайшы әрекетке тартқандар анықталады. Ал оқушының заңды өкілдеріне қатысты тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - дейді полицейлер.
Осы орайда полиция депаратменті ата-аналар тарапынан интернетте отырған балаларды бақылау қажеттігін еске салды. Ал кез келген қауіпті белгілер болған жағдайда бірден әрекет ету керек.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша 1 000 АЕК-ке (4 325 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.