https://sputnik.kz/20260423/syrgan-bar-ma-aqtobede-belgisiz-ayel-kishkentay-qyzdy-auladan-aldap-shygardy-62908782.html
"Сырғаң бар ма?": Ақтөбеде белгісіз әйел кішкентай қызды ауладан алдап шығарған
"Сырғаң бар ма?": Ақтөбеде белгісіз әйел кішкентай қызды ауладан алдап шығарған
Sputnik Қазақстан
Бейтаныс әйелдің соңынан ерген қыз ебін тауып, жақын жердегі дүкенге қашып кірген 23.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-23T18:50+0500
2026-04-23T18:50+0500
2026-04-23T18:51+0500
ақтөбе
қылмыс
полиция
https://sputnik.kz/img/07e8/08/17/46540279_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d9b7d6778d9a39d5d03c5eb00fc78610.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласының полициясы кішкентай қызды ауладан алдап шығарған әйелді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тараған болатын. Онда белгісіз әйелдің кішкентай қызды ертіп кеткенін анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, ол баланың сақина және басқа да заттар беремін деп алдаған. Ал ауладан алып шыққаннан кейін сырғаның бар-жоғын сұраған.Бейтаныс әйелдің соңынан ерген қыз ебін тауып, жақын жердегі дүкенге қашып кірген. Ал полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады."Жедел іздестіру шаралары барысында әйелдің жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оның қатысуымен қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп, болған жағдайдың себептері мен мән-жайлары анықталуда", - дейді полицейлер.Тексеріс нәтижесінде қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
https://sputnik.kz/20260411/petropavlda-qyzdy-andygan-20-zhastagy-zhigit-ustaldy-62578391.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/17/46540279_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_f53a51c0a0925b9483ba57af50d10bbd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, қылмыс, полиция
"Сырғаң бар ма?": Ақтөбеде белгісіз әйел кішкентай қызды ауладан алдап шығарған
18:50 23.04.2026 (жаңартылды: 18:51 23.04.2026) Бейтаныс әйелдің соңынан ерген қыз ебін тауып, жақын жердегі дүкенге қашып кірген
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласының полициясы кішкентай қызды ауладан алдап шығарған әйелді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тараған болатын. Онда белгісіз әйелдің кішкентай қызды ертіп кеткенін анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, ол баланың сақина және басқа да заттар беремін деп алдаған. Ал ауладан алып шыққаннан кейін сырғаның бар-жоғын сұраған.
Бейтаныс әйелдің соңынан ерген қыз ебін тауып, жақын жердегі дүкенге қашып кірген. Ал полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
"Жедел іздестіру шаралары барысында әйелдің жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оның қатысуымен қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп, болған жағдайдың себептері мен мән-жайлары анықталуда", - дейді полицейлер.
Тексеріс нәтижесінде қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.