Петропавлда қызды аңдыған 20 жастағы жігіт ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2026
Жазылу
Қызды қорқытқан ер адамға әкімшілік айыппұл салынды
АЛМАТЫ, 11 сәуір - Sputnik. Петропавлда қызды велосипедпен аңдыған ер адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Белгісіз жас жігіт қаладағы Қазақстан Конституциясы көшесінде қызды аңдып, үрейін ұшырған.
"Тексеру барысында криминалдық полиция қызметкерлері оның кім екенін және орналасқан жерін анықтады. Ол Қызылжар ауданының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол кешкі уақытта орталық жаяу жүргіншілер көшесінде велосипедпен жүріп, бір қызға қатысты заңға қайшы әрекет жасаған. Оның тыныштығын бұзып, қорқыныш тудырған", - дейді полиция.
Жас жігітпен полицейлер профилактикалық әңгіме жүргізген. Айналадағы адамдарға құрметсіздік білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының 6 сәуірдегі шешімімен оған әкімшілік айыппұл салынды.
сот үкімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2026
Қызды аңдыған жігіт жарты миллион теңге төлеуге міндеттелді
Жаңалықтар
0