Қостанай облысында үш полицей қамауға алынды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Қостанай облысының Рудный қаласында үш бірдей полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктілер 17 наурызда ұсталған. Оларды Қостанай облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік бөлімшесі мен өңірлік Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бірлесіп қолға түсірген. Облыстық полиция департаменті олардың қандай күдікпен ұсталғанын ашып айтпады.
"Рудный қаласы полиция басқармасының үш қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды", - дейді департамент.
Үш полиция қызметкері де қамауға алынды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Патрульдік полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Оралда полицей мас күйінде ұсталды – сот үкімі жарияланды
Жаңалықтар
0