https://sputnik.kz/20250912/oralda-politsey-mas-kuyinde-ustaldy--sot-ukimi-zhariyalandy-57021244.html
Оралда полицей мас күйінде ұсталды – сот үкімі жарияланды
Оралда полицей мас күйінде ұсталды – сот үкімі жарияланды
Sputnik Қазақстан
Полиция майорын көшеде патруль ұстап алған 12.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-12T18:12+0500
2025-09-12T18:12+0500
2025-09-12T18:12+0500
орал
полицей
сот
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17442642_0:106:2049:1258_1920x0_80_0_0_848b86f32438923d1bf1104575af9508.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Орал қаласнда көлікті мас күйінде жүргізген полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Полиция майорын көшеде патруль ұстап алған. Офицер қызметтік автокөлікті мас күйінде жүргізген.Оған қоса, өз әріптестерінің заңды талабына бірден бағынбай, оқиға орнынан қашып кетпекші болды. Сол үшін Қылмыстық кодекстің екі бабы - мас күйінде көлік жүргізу мен полиция қызметкерлерінің тоқтау талабын орындамау бойынша жауапқа тартылды.Сотта майор "көлікті жүргізген жоқпын" деп шықты. Бірақ оның мас күйінде болғаны дәлелденді. Сот шешімімен офицер 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, 157 280 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 32-бабына сәйкес, полиция қызметкерлеріне әкімшілік қамау қолданылмайды. Сондықтан жаза айыппұл мен жүргізуші куәлігінен айырумен шектелді.
https://sputnik.kz/20250829/zhetisuda-ekinshi-ret-mas-kuyde-kolik-aydagan-zhurgizushi-bas-bostandygynan-ayyryldy-56687794.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17442642_114:0:1933:1364_1920x0_80_0_0_7a2917f334b63d579bbfa51a36caec9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, полицей, сот
Оралда полицей мас күйінде ұсталды – сот үкімі жарияланды
Полиция майорын көшеде патруль ұстап алған
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Орал қаласнда көлікті мас күйінде жүргізген полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полиция майорын көшеде патруль ұстап алған. Офицер қызметтік автокөлікті мас күйінде жүргізген.
Оған қоса, өз әріптестерінің заңды талабына бірден бағынбай, оқиға орнынан қашып кетпекші болды. Сол үшін Қылмыстық кодекстің екі бабы - мас күйінде көлік жүргізу мен полиция қызметкерлерінің тоқтау талабын орындамау бойынша жауапқа тартылды.
Сотта майор "көлікті жүргізген жоқпын" деп шықты. Бірақ оның мас күйінде болғаны дәлелденді. Сот шешімімен офицер 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, 157 280 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 32-бабына сәйкес, полиция қызметкерлеріне әкімшілік қамау қолданылмайды. Сондықтан жаза айыппұл мен жүргізуші куәлігінен айырумен шектелді.