Жетісуда екінші рет мас күйде көлік айдаған жүргізуші бас бостандығынан айырылды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуЖетісуда екінші рет мас күйде көлік айдаған жүргізуші бас бостандығынан айырылды
Жетісуда екінші рет мас күйде көлік айдаған жүргізуші бас бостандығынан айырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Жазылу
Жүргізуші көлікті мас күйде, жүргізуші куәлігінсіз тізгіндеген
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Екінші рет мас күйде көлік жүргізген жүргізуші жарты жылға бас бостандығынан және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
Жетісу облысында жүргізуші бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

"Ол өз ісіне тиісті қорытынды жасамай, жүргізуші куәлігінсіз қайтадан мас күйінде көлік жүргізді", - дейді прокуратура.

Сот оны 6 айға бас бостандығынан және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыруға үкім шығарды.
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2025
Павлодарда мас жүргізуші электр бағанасына соғылды
Жаңалықтар
0