https://sputnik.kz/20260421/aqsh-bas-konsuldygy-qazaqstandyq-qorga-100-den-astam-biregey-gylymi-kitapty-tabystady-62848863.html
АҚШ Бас консулдығы қазақстандық қорға 100-ден астам бірегей ғылыми кітапты табыстады
АҚШ Бас консулдығы қазақстандық қорға 100-ден астам бірегей ғылыми кітапты табыстады
Sputnik Қазақстан
Жалпы табысталған кітаптардың қатарында Scopus пен Routledge сияқты халықаралық дерекқорларда индекстелетін ғылыми басылымдар бар 21.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-21T22:03+0500
2026-04-21T22:03+0500
2026-04-21T22:03+0500
кітап
ғылым
ақш
https://sputnik.kz/img/1206/15/12061543_0:96:2000:1221_1920x0_80_0_0_daa318540e8a8dcd0eec6a1b2a777e91.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. АҚШ Бас консулдығы "Ғылым ордасы" қорына бірегей ғылыми кітаптар топтамасын табыстады, деп хабарлады ғылым және жоғарғы білім министрлігі."Ғылым ордасы" қорына АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы тарапынан 100-ден астам ғылыми басылымнан тұратын бірегей кітаптар топтамасын табыстады.Бұл бастама – ғылыми ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтіп, халықаралық академиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам, дейді қор өкілдері.Жалпы табысталған кітаптардың қатарында Scopus пен Routledge сияқты халықаралық дерекқорларда индекстелетін ғылыми басылымдардың болуы олардың жоғары академиялық құндылығын және қазіргі ғылыми кеңістікте сұранысқа ие екенін көрсетеді, дейді министрлікте.Кітап табыстау бастамасы аясында АҚШ ғылымы мен мәдениетінің жетістіктерін жүйелі түрде таныстыруға бағытталған "Америкалық кітаптар бұрышын" құру көзделген. Бұл бастама тек кітап қорын толықтырумен шектелмей, ғылыми және мәдени байланыстарды институционалдық деңгейде дамытуға мүмкіндік беретін тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған.
https://sputnik.kz/20260216/qazaqstandyq-galymdar-diabet-pen-zhurek-auruyn-boldyrmaytyn-tangy-as-azirlep-zhatyr-61207805.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1206/15/12061543_138:0:1915:1333_1920x0_80_0_0_1d93a278db76f92640e7e27fae595aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кітап, ғылым, ақш
АҚШ Бас консулдығы қазақстандық қорға 100-ден астам бірегей ғылыми кітапты табыстады
Жалпы табысталған кітаптардың қатарында Scopus пен Routledge сияқты халықаралық дерекқорларда индекстелетін ғылыми басылымдар бар
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. АҚШ Бас консулдығы "Ғылым ордасы" қорына бірегей ғылыми кітаптар топтамасын табыстады, деп хабарлады ғылым және жоғарғы білім министрлігі.
"Ғылым ордасы" қорына АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы тарапынан 100-ден астам ғылыми басылымнан тұратын бірегей кітаптар топтамасын табыстады.
Бұл бастама – ғылыми ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтіп, халықаралық академиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам, дейді қор өкілдері.
"АҚШ тарапынан ұсынылған басылымдар, соның ішінде Scopus және Routledge сияқты халықаралық дерекқорларда индекстелетін ғылыми еңбектер, зерттеушілер үшін құнды ресурс болары сөзсіз", – деді "Ғылым ордасы" басшысы Азамат Нұршанов.
Жалпы табысталған кітаптардың қатарында Scopus пен Routledge сияқты халықаралық дерекқорларда индекстелетін ғылыми басылымдардың болуы олардың жоғары академиялық құндылығын және қазіргі ғылыми кеңістікте сұранысқа ие екенін көрсетеді, дейді министрлікте.
Кітап табыстау бастамасы аясында АҚШ ғылымы мен мәдениетінің жетістіктерін жүйелі түрде таныстыруға бағытталған "Америкалық кітаптар бұрышын" құру көзделген. Бұл бастама тек кітап қорын толықтырумен шектелмей, ғылыми және мәдени байланыстарды институционалдық деңгейде дамытуға мүмкіндік беретін тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған.