https://sputnik.kz/20260417/ukraina-euroodaqqa-qosyluga-dayyn-emes---fitso-62746555.html
Украина Еуроодаққа қосылуға дайын емес - Фицо
Украина Еуроодаққа қосылуға дайын емес - Фицо
Sputnik Қазақстан
Еуропалық Одаққа кіру шарттарын орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқан Сербия, Албания және Черногория бар 17.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-17T14:17+0500
2026-04-17T14:17+0500
2026-04-17T14:17+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0f/59602090_0:0:2855:1606_1920x0_80_0_0_a3397d21ee8e084e2f44d1cec645425d.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Украина Еуропалық Одаққа кіруде дайындығы жоғары елдерді басып оза алмайды, деп мәлімдеді Словакия премьер-министрі Роберт Фицо."Еуропалық Одаққа кіруде Украинадан әлдеқайда жақсы дайындалған басқа елдерді басып озу мүмкін емес. Бізде реформаларды жүзеге асыру және Еуропалық Одаққа кіру шарттарын орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқан Сербия, Албания және Черногория бар. Шынын айтсақ, Украина Еуропалық Одаққа кіруге мүлдем дайын емес", - деді Фицо.Ол барлық қажетті шарттар орындалған жағдайда Украинаның Еуроодаққа кіру талпыныстарын қолдайтынын тағы да мәлімдеді."Дегенмен, дайын емес ел Еуропалық Одақтағы барлық мемлекет үшін қиын салдарға әкелуі мүмкін", - деді Словакия премьер-министрі.2022 жылдың маусымында Еуроодақ Украина мен Молдоваға интеграциялық бірлестікке кандидат мәртебесін беріп, кіру бойынша келіссөздердің ресми басталуы үшін бірнеше қатаң шарт қойды. Еуроодақта бұл шешімнің негізінен символикалық сипатқа ие екенін, Ресеймен қақтығыста осы мемлекеттерді қолдауға бағытталғанын бірнеше рет мойындады. Сонымен қатар Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Еуроодаққа кіруді Киевтің тәуелсіз құқығы деп атады.Кандидат мәртебесін алу -Еуроодаққа кіру бойынша ұзақ процестің бастамасы ғана. Түркия 1999 жылдан бері, Солтүстік Македония 2005 жылдан бері, Черногория 2010 жылдан бері және Сербия 2012 жылдан бері кандидат болып келеді. Хорватия Еуроодаққа ең соңғы болып 2013 жылы қосылды, бұл процесс он жылға созылды.
https://sputnik.kz/20260329/fitso-reseyge-qarsy-zhana-sanktsiyalar-paketin-bugattauy-mumkin-62249502.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0f/59602090_123:0:2744:1966_1920x0_80_0_0_42951f5bf5bfe120e77691832e908452.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина Еуроодаққа қосылуға дайын емес - Фицо
Еуропалық Одаққа кіру шарттарын орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқан Сербия, Албания және Черногория бар
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Украина Еуропалық Одаққа кіруде дайындығы жоғары елдерді басып оза алмайды, деп
мәлімдеді Словакия премьер-министрі Роберт Фицо.
"Еуропалық Одаққа кіруде Украинадан әлдеқайда жақсы дайындалған басқа елдерді басып озу мүмкін емес. Бізде реформаларды жүзеге асыру және Еуропалық Одаққа кіру шарттарын орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқан Сербия, Албания және Черногория бар. Шынын айтсақ, Украина Еуропалық Одаққа кіруге мүлдем дайын емес", - деді Фицо.
Ол барлық қажетті шарттар орындалған жағдайда Украинаның Еуроодаққа кіру талпыныстарын қолдайтынын тағы да мәлімдеді.
"Дегенмен, дайын емес ел Еуропалық Одақтағы барлық мемлекет үшін қиын салдарға әкелуі мүмкін", - деді Словакия премьер-министрі.
2022 жылдың маусымында Еуроодақ Украина мен Молдоваға интеграциялық бірлестікке кандидат мәртебесін беріп, кіру бойынша келіссөздердің ресми басталуы үшін бірнеше қатаң шарт қойды. Еуроодақта бұл шешімнің негізінен символикалық сипатқа ие екенін, Ресеймен қақтығыста осы мемлекеттерді қолдауға бағытталғанын бірнеше рет мойындады. Сонымен қатар Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Еуроодаққа кіруді Киевтің тәуелсіз құқығы деп атады.
Кандидат мәртебесін алу -Еуроодаққа кіру бойынша ұзақ процестің бастамасы ғана. Түркия 1999 жылдан бері, Солтүстік Македония 2005 жылдан бері, Черногория 2010 жылдан бері және Сербия 2012 жылдан бері кандидат болып келеді. Хорватия Еуроодаққа ең соңғы болып 2013 жылы қосылды, бұл процесс он жылға созылды.